Мерекелік силық

      «ШҚО Семей қаласының зейнеткерлерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» КММ-де  күндізгі жартылай стационарлық  бөлімінде Қазақстан Республикасының мерейтойына орай екі ұрпақ өкілдернің кездесуі өтті. «Арман» бала бақшасының балалары  өздерінің  дарындылықтарымен ардагерлерді қуантты.

     Ардагерлер  бағдарламаның әрбір номерін  аса ынтызарлықпен тыңдады. Тақырып бойынша таңдалған репертуар , қызылды- жасылды костюмдер, безендіру, балалардың   сауатты орындалған қимылдары ешкімді  тыс қалдырмады.

      Балалар біздің болашағымыз,  осындай  үлкен адамдармен өтетін кездесулердің  тәрбиелік мәні зор, Тәуелсіз Қазақстанның  тарихында  үлкен орын алатын қарт адмдарға деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатады.

     Қазақстан халықтарынң достығы туралы, бейбітшілік, мемлекеттік ту, Отан  жайында  әндер  шырқалды.

      Бағдарлама соңында  «Ах, Самара, қалашық» әнінің әуенімен балалар ардагерлермен бірге  би биледі. Кездесу  көңілді және  ұмытылмас  болып өтті.

      Ардагерлер бала бақшаның  жетекшісіне  осындай кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдіріп, кішкентай әртістерге  тәттілер таратты.

 

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?