Еңбек күніне арналған іс-шара

Катонқарағай ауданында «Еңбек күні» мерекесіне арналған еңбек нарығында жұмыс мамандықтарының рөлін арттыру бойынша қыркүйек айының соңғы аптасында «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» бағдарламасын асыру мақсатында өткізілді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен осы шараның шеңберінде аграрлық-техникалық колледжінің базасында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Қонақтар ретінде жұмысшы мамандықтарының ардагерлері шақырылды. Ол: аймақтық энергетикалық компаниясының электромонтеры Павел Александрович Гамбург, қырық жылдық еңбек өтілімен әлеуметтік қызметкер Галина Викторовна Блинова, мал дәрігері Кулянда Кусаинова, екі «Құрмет» орденімен» марапатталған «Дружба» колхозының механизаторы Кульмухамед Мурумбаев және лайықты «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған механизатор Николай Иванович Легчалов, аграрлық-техникалық колледжінің бұрынғы қызметкерлері аспазшы Людмила Андреевна Губенко, жүргізу бойынша инструктор Аркалык Дюсюпович Кудабаев, өндірістік оқыту шебері Василий Петрович Демешев.

Еңбек мерекесіне аудан әкімінің орынбасары Р. Курмамбаев, мекеме басшылары, аудандық «Нұр Отан» партия филиалының, кәсіпкерлер Палатасының өкілдері және колледждің бірінші курс студентері, аудан орталығының мектептерінің директорлары және оқушылары қатысты.

Екінші жыл аграрлық-техникалық колледжде «Еңбек күні» өткізілуде. Дәл осы жерде беделді жұмыс мамандары дайындалады: электродәнекерлеуші, аспазшы, омарташы, тракторшы-машинисі, мал дәрігері, электромонтер. Колледжде оқу ақысыз жүргізіледі.

Еңбек ардагерлері қысқаша өз еңбек жолдары туралы айты, қатысушыларды мерекелерімен құттықтады. Жаңадан ғана еңбек жолында тұрған жастарға ізгі тілектер айтылды.

Еңбектің адамы – сол жұмыстың кәсібін таңдағандарға құрметті атағын көтеру. Студенттер және оқушылар аға буын өкілдерімен бірлесіп «Еңбек не беред адамға?», «Қандай қасиеттерге ие болуы керек адам, адал өз мамандығын қоғамда жүргізу үшін» ұғымдар бойынша талқылау жүргізді. Ардагерлерге сұрақтар қойылды, жұмыста қиындықтардан өту үшін, неге олар осы кәсіпті таңдады және басқа. Еңбек туралы біраз мақал-мәтелдер айтылды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің орынбасары Алмагуль Набиева ардагерлерді құттықтады, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының үш бағыты бойынша айты.

Іс-шараның соңында еңбек ардагерлеріне сыйлықтар табысталды. Іс-шара қатысушылары естелікке суретке түсті. Мәдениет және тұрғындардың демалыс орталығының әртістері туған Қазақстан, еңбекті құрметтейтің әндерді шырқады. 

Сіз кім болып жумыс істейсіз?