Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту жөнінде түсінік беру дөңгелек үстелі

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту жөнінде түсінік беру дөңгелек үстелі

Мемлекетіміздің Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»  Жолдауының шеңберінде 2017 жылдың 10 наурызында  Абай атындағы кітапхананың кіші залында қала әкімінің орынбасары Н.В. Шарованың төрағалығымен нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға әкімшіліктің дербес бөлімдері, кәсіпкерлер палатасы, ШҚО бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры аймақтық филиалы, оралмандарды бейімдеу орталығы, қоғамдық бірлестіктер, кәсіподақтар және т.б. қатысты.

Кездесу барысында әлеуметтік салаға және жұмыспен қамтуға байланысты сұрақтар қойылды.

Бағдарламаның барлық бағыттары бойынша түсініктер берілді, барлық қойылған сұрақтар мен ұсыныстарға толық жауаптар берілді.    

 Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен   бекітілген.

Бағдарламаның мақсаты: Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.

Бағдарламаның үш бағыты:

1) Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету;

2) жаппай кәсіпкерлікті дамыту;

3) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.

Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде мынадай міндеттер шешілетін болады:

- Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау. Өмірлік қиын жағдайға тап болған және тұрмысы төмен отбасылардың мүшелері қатарындағы 9-11-сыныптарды бітірушілер, оқу орындарына түспеген, жұмыс іздеп жүрген адамдар, сондай-ақ азаматтардың өзге санаттары (мүгедек балалар; көп балалы отбасылардан шыққан балалар; интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері; кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы балалар және басқалар) Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.

             - Жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту. Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтетін Бағдарламаға қатысушылар 29 жасқа дейінгі жастағы жастар мен халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болып табылады.

Бағдарламаның екінші бағытымынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:

            1 міндет: «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту. Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар және кәсіпкерлік әлеуеті бар және ауылдық елді мекендер мен аудан орталықтарында тұратын өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар қатысушылар болып табылады.

2 міндет:  Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау. Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар мен кәсіпкерлік әлеуеті бар өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар мен ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.

         3 міндет: Қалалар мен ауылдарда микрокредиттерге кепілдік беру. Кепілдік микроқаржы ұйымдарына МҚҰ/ кредиттік серіктестіктерге КС/ екінші деңгейдегі банктерге ЕДБ 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микробизнес ашуға, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге, кооперативтер құруға; қалаларда жаңа шағынкәсіпорындар құруға, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге берген шағыннесиелер бойынша ғана ұсынылады.

Бағдарламаның үшінші бағыты  мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:

1) Жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу (әлеуметтік кәсіптік бағдарлау, кәсіп таңдауда көмек көрсету, оқу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультациялар;  лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу; әлеуметтік жұмыс орындарын құру;  жастар практикасын ұйымдастыру;  қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру);

2) Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру;

3) Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру.

Жұмыспен қамтамасыз етуде қолдау көрсетілетін Бағдарламаға қатысушылар жұмыс іздеушілер, жұмыссыздар және өзге де Заңға сәйкес басым құқықтарды пайдаланатын адамдар болып табылады.

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?