Шектелмеген мүмкіндіктер


 

Шектелмеген мүмкіндіктер

      14.03-22.03.2019 ж. Абу-Даби қаласында, БАӘ, Спешиал Олимпикс қозғалысының аясында Дүниежүзілік  Жазғы Олимпиада ойындары  өткізілді. 24 спорт түрінен әлемнің 190 елінен 7,5 мың спортшы өнер көрсетті.  Қазақстанның ұлттық ұрамасында 98 адам, соның ішінде  11 облыстан  спорттың  15 түрінен 67 спортшы қатысты.Шығыс Қазақстан облысының атынан  «ШҚО Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ—нің (директор Тынысова Р.Т.) 4 қызмет алушысы қатысты.    Жарыстың  қорытындысы бойынша Қазақстан 11 алтын, 9 күміс және 11 қола медальді жеңіп алды. Оның ішінде «ШҚО Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің 2 спортшысы қола жүлденің иегерлері атанды.    Жарыс нәтижесі бойынша 100 метрлік жарыста Сейсенова Гүлнұр 3 орынды иемденді, Тусупов Дамир  ұзындыққа секіру бойынша үздік 3 орынға ие болды. Александр Тетцких Юнифайт  бағдарламасына қатысты.

 

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?