Оқыту курстары жалғасуда

Зырян ауданының онлайн-орталықтар қызмет ететін кітапханаларында «Желі жасқа қарамайды» бірлескен жобасының аясында әлеуметтік қызмет көрсету Аумақтық орталығының қызмет алушылары үшін оқыту курстары жалғасуда.

Компьютерлік сауаттылық негіздері, Интернетте жұмыс істеу, қарым-қатынас жүйесі, жылдам хабарласу үшін бағдарламаларды пайдалану бойынша оқыту жүргізіледі. Электрондық үкімет порталын игеру және мемлекеттік қызметтерді алуға, электрондық цифрлық қолтаңбаныны алуға жәрдемдесу үшін уақыт бөлінеді. 2016 жылдың нәтижесі бойынша 43 қарт, 1 мүгедек қыз және 9 күтім жасау жөніндегі әлеуметтік жұмыскер оқудан өтті.

Ағымдағы жылы Серебрянск қ. әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің 4 қызмет алушысы компьютерлік сауаттылық сабақтарын алып жатыр.

Қарттар мен мүгедектердің күндізгі болу бөлімшесінің мәдени ұйымдастырушы И.В. Руди қызмет алушыларды дербес компьютермен таныстырады. 83 жастағы Нина Васильевна Симахина компьютерлік сауаттылыққа қызыға үйренуде және Зырян қ. кітапханасы негізіндегі тегін курстарға баруға шешім қабылдады.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?