ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының Семей қаласына жұмыс бабымен баруы туралы

Ағымдағы жылғы 21 ақпанда Семей қаласында жұмыс бабымен ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Старенкова Е.В. болып қайтты.

Облыстық басқарма басшысы азаматтардың жекелеген санаттарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетумен айналысатын «Отбасы орталығы» ҚБ, №№ 1,2 Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары сияқты қоғамдық бірлестіктерге, мемлекеттік мекемелерге барды.

«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ кіші залында Старенкова Е.В. МЕҰ өкілдерімен кездесіп, 2017 жыл қорытындылары және 2018 жылға арналған міндеттер бойынша барлық әлеуметтік мекемелердің басшыларымен жедел кеңес өткізді. Аталған шаралар Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы аясында былтырғы жылғы жетістіктер мен кемшіліктерді талдау және алдағы жылда тұрған міндеттер тұрғысында жұмыс жағдайында өтті.

Облыстық басқарма басшысы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі қалалық комиссия отырысына қатысты. Онда өзін – өзі бейресми түрде жұмыспен қамтыған халықты формализациялау және оларды нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту бойынша өзекті мәселе талқыланды.

Өзінің азаматтарды (С.Аюпов, Н.Бурова, С.Злобина, К.Бергенева) қабылдауы барысында әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша қойылған сұрақтарға түсініктеме және жауаптар берді.

Жұмыс бабымен Семей қаласына барып қайту қорытындысы бойынша Старенкова Е.В. алдағы уақыттағы әлеуметтік саладағы қызметке қатысты ұсынымдар берді.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?