Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 28 қазандағы № 369-V Заңы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізуді көздейді.

Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдерінің мәні:

  • әлеуметтік көмек алу үшін аз қамтылған еңбекке жарамды жастағы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына міндетті түрде қатысуы–отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты осы мақсатпен жасалады, онда алушының (отбасының) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің және әлеуметтік қызмет қатысуы үшін міндеттемелері айқындалады – жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу (оқыту) және өзге де көрсетілетін әлеуметтік қолдау іс-шараларын ұсыну;
  • қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігі әлеуметтік көмек көрсету және көмек мөлшерінің өлшемін ұлғайту үшін қайта қарау және құрамы мен ең төменгі күнкөріс деңгейі бойынша жұмыс жүргізуде (ең төменгі күнкөріс деңгейінен 40% - дан 50% кедейлік шегінің ұлғайуы);
  • алты айға көмекті тағайындау, яғни әлеуметтік келісімшарт қолданылу кезеңінде, көмек алушылардың экономикалық дербестігін нығайту мақсатында (қолданыс жүйесі бойынша – АӘК тоқсанға тағайындалады);
  • отбасын қолдау институтын енгізу - консультанттар мен жобалық ассистенттері жүзеге асырады, олар жобаның қатысушылары әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындалу барысын қадағалап отырады, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайды өз бетінше жеңуге қолдау көрсетеді;
  • «бір терезе» қағидатын енгізу және Жұмыспен қамту орталығының базасында аз қамтылғандарға кешенді көмек көрсету үшін құжаттар топтамасын бір органға ұсыну, бұл АӘК тағайындау процедурасын жеңілдетеді.

Осылайша, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап өтініш беруші Жұмыспен қамту орталығының маманыңа жүгінуге және бір мезгілде жұмыс іздеуші ретінде тіркелуге, нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасына қатысуға, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға құжаттарды тапсыру құқығына ие болады.

Заңмен сондай-ақ, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету қазір жұмыс істеп тұрған орнына көзделеді:

  • көп балалы отбасыларға арнайы мемлекеттік жәрдемақылар;
  • 18 жасқа дейінгі аз қамтылған отбасыларға мемлекеттік балалар жәрдемақысы;
  • аз қамтамасыз етілген үй шаруашылықтарына ұсынылатын атаулы әлеуметтік көмек.

Жаңа форматтағы АӘК жіктелуі 2 түрі болады: шартты және шартсыз ақшалай көмек.

Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке қабілетті мүшелері жоқ отбасыларға (мысалы, мүгедектер немесе егде жастағы зейнеткерлер отбасына) немесе отбасында еңбекке жарамды мүшелері объективті себептер бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатыса алмайтындар ұсынылатын болады. Осындай отбасыларға жәрдемақы төлеу үшін міндетті түрде жұмыспен қамту іс-шараларына қатысу талап етілмейді.

Шартты ақшалай көмек құрамында кем дегенде бір еңбекке қабілетті мүшесі бар отбасыларға, әлеуметтік келісімшарт жасасуға және барлық жұмысқа қабілетті отбасы мүшелерінің жұмысқа орналасуға жәрдемдесу шараларына міндетті түрде қатысуына байланысты берілетін болады.

Облыс бойынша 2014 жылдан бастап аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері шартты ақшалай көмек төлеу бойынша «Өрлеу» жобасын іске асыру мысалында сынақтан өткізілуде.

Жобаны жүзеге асыру барысында (үш жыл және тоғыз ай) 23 071 адам (5207 отбасы) 733,7 млн. теңге сомасына шартты ақшалай көмек алды.

Жобаның 6618 қатысушысының 336-сы тұрақты жұмысқа орналасты, 621-і жұмысқа орналасуға жәрдемдесу шараларымен қамтылды (6280 тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды), 1525 «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламаға қатысушылар болды және 86 Өнімді жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша және 1499 уақытша жұмысқа орналасты.

2017 жылы «Өрлеу» жобасын іске асыруға республикалық бюджеттен 375,6 млн. теңге бөлінді.

Сіз кім болып жумыс істейсіз?