ОБЛЫСТЫҚ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ

Шығыс Қазақстан облысының қалалар мен аудандарында 2014 жылғы  20 маусымда халықты жұмыспен қамту орталықтары мен бөлімдері «Нұр Отан» партиясының аумақтық филиалымен бірлесіп, республикалық акция шеңберінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын» жүзеге асыру мәселелерімен азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» және бос орындар жәрмеңкесі өткізілді.

 

Іс-шараны ашу кезінде жергілікті атқару органдарының басшылары, қалалық, аудандық маслихат өкілдері, қоғамдық, жастар ұйымдарының, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 

Жәрмеңке өткізілген ғимараттар баннерлермен, стендтермен және көрнекі материалдармен безендірілді, қатысушыларға Жұмыспен қамту 2020 жол картасы  жөніндегі роликтер көрсетілді. Жұмыс іздеушілерге көмек ретінде жұмыспен қамту қызметі жұмысының бағыттары туралы буклеттер, үнпарақтар таратылды.

 

Жәрмеңке жұмысына облыстың 249 кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелері, 12 білім мекемелері қатысты. Жәрмеңкеде әр түрлі нысандағы меншіктіктердің жұмыс берушілері 880 бос орны ұсынды, оның ішінде шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы құрылымы, жеке кәсіпкерлер бар.

 

Жұмыс берушілер өтінім білдірген мамандықтар тізімі әр түрлі: көлік жүргізушісі, даяшы, аспаз, сатушы, слесарь-жөндеуші, электромонтер, жұмысшы құрылыс мамандықтары, мамандырылмаған жұмысшылар, инженер-жобалаушы инженер-бағдарламашы, КТБ инженері, еңбек бойынша экономист, мұғалімдер, медициналық қызметшілер және т.б.

 

Іс-шаралар шеңберінде жұмысқа орналастыру, белсенді жұмыс іздеу нысандары бойынша кеңестер берілді. Жәрмеңкеге 1170 адам қатысты, оның ішінде жұмыссыздар санынан 214 адаммен әңгімелесу жүргізіліп, жұмысқа жолдама берілді, кәсіптік оқуға 32 адам, қоғамдық жұмысқа 38 адам, жастар іс-тәжірибесіне оқу орындарын бітірген 39 түлек жіберілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына  44 адам орналастырылды.

 

Сондай-ақ 875-тен аса адам Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Мемелекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Балалары бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы туралы» заңдары, Еңбек заңдылықтары, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша және түйіндеме құру жөнінде мамандардың кеңестерін алды.

 

Өскемен, Семей, Риддер қалаларында, Катонқарағай және Жарма аудандарында бос орындар жәрмеңкесі жақсы ұйымдастырылып, нәтижелі өтті.

 

Ярмарка вакансий

 

Ярмарка вакансий



Сіз кім болып жумыс істейсіз?