Облыс әйелдері мемлекет тарапынан ұсынылатын мүмкіндіктерді барынша пайдалануда

Бүгінгі таңда облыс әйелдері мемлекет тарапынан ұсынылатын мүмкіндіктерді барынша пайдаланып, кәсіпкерлікпен белсенді айналысуда. Бұл бағытта нәтижелі жұмыспен қамту бойынша 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" және "БЖК-2020" бағдарламалары іске асырылуда.
Жалпы, әйел адамдардың қаржылық және қаржылық емес мемлекеттік қолдаудың барлық іс-шараларына қатысуы 2018 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсті. Бүгінде барлық кәсіпкерлердің 40%-ын нәзік жанды азаматшалар құрайды.
Бағдарламаға қатысу "Бастау Бизнес"жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқуға мүмкіндік береді. Оқыту кезінде тыңдаушыларға кәсіпкерлік жүргізу үшін идеялар ұсынылады, сондай-ақ олар бизнес-жобаларды сүйемелдеумен стипендия мен көмек алады. 2018 жылы "Бастау бизнес" оқыту жобасы ШҚО-ның 15-аудан, 2-қала және 4 моноқалада жүзеге асырылды. Барлығы 2895 адам оқытылды, оның ішінде 1263 әйел адамдар. Ағымдағы жылы облыстың 19 қаласы мен аудандарында оқыту үрдісі жалғасып, 1400 тыңдаушы қамтылды, оның 560-ы әйелдер. 1204 адам бизнес-жоспарларын табысты қорғап, 261 жоба қаржыландырылды.
Осы жоба бойынша қосымша 1050 адамды оқыту жоспарланған.
Мысалы, Көкпекті ауданының тұрғыны Жанна Жапекова бірінші санаттағы мүгедектігіне қарамастан, жоба бойынша білім алып, грант қаражатына тігін цехын ашты. Қазіргі кезде кәсіпкер ауылда бизнесін дамытып, қолөнердің 500-ден астам түрін шығаруда. Сонымен қатар, ол киімдер тігіп, оны қалпына келтірумен де айналысады. Жанна өз қолынан шығарған өнімдерін әлеуметтік желілер арқылы сатады. Қазіргі таңда бизнес-ханым мемлекеттің қолдауын толығымен пайдаланып, ауылдағы жұмыссыз адамдарды еңбекпен қамтып, бизнесін кеңейтуді жоспарлап отыр. 
Естеріңізге сала кетейік, бағдарлама бойынша үміткерлер 5 жыл мерзімде 16 млн.теңгеге дейін, ал мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативтері бойынша жобалар үшін 7 жылға дейін шағын несие ала алады. Несиенің сыйақы мөлшерлемесі 6% құрайды.
Бұдан басқа, кепілдік қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда, кредиттер бойынша кепілдіктер беру мүмкіндігі қарастырылады. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін қаржы институттарының кепілдіктері кредит сомасының 85%-ын, ал жұмыс істеп тұрғандар үшін - 50%-ын құрайтын болады.
Жалпы, облыста шағын несиелеумен 4,2 млрд.теңге сомасына 1166 адамды қамту жоспарланған, оның ішінде ауылдық жерлерде 3,2 млрд. теңге сомасына 956 кредит, қалаларда 931 млн. теңге сомасына 210 кредит беріледі.
Осы бағдарлама бойынша 45 кәсібін жаңа құрған әйел кәсіпкерлер шағын несие алды, оның 35-і жеке ісін ашты. 
Бұдан басқа, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін жаңа бизнес-идеяларға 100 АЕК (252,5 мың теңге) дейінгі мөлшерде мемлекеттік гранттар беріледі. Осы мақсатқа бюджеттен 67,7 млн. теңге бөлінді.
Мәселен, өткен жылы шығысқазақстандық Наталья Ивашкина гранттық қаражатқа экзотикалық шипалы шөптерді өсіруге арналған жылыжайды ашты. Қазір өз бизнесін табысты дамытуда. 
Сондай-ақ, оқытушыларды 3 тілде оқытатын тіл орталығын облыс тұрғыны Майра Нұрбаева алған ақысыз мемлекеттік қаражатқа ашты. 
2019 жылы Үржар ауданында қатысушы А.Байтугунова 252,5 мың теңге көлемінде ұлттық тағам өндіру үшін жаңа бизнес-идеяларды дамытуға мемлекеттік грант алды. 
Зайсан ауданында Р.Исабаеваға аяқ киім тігу және жөндеу цехын ашуға грант берілді.
Сондай-ақ, республикалық бюджеттен 200 АЕК (505 мың теңге) дейін гранттар беруге 367,1 млн.теңге көлемінде қосымша қаражат бөлінді. Барлығы 727 адам грантқа ие болады. 
Айта кетейік, өтеусіз мемлекеттік гранттар бизнеске қажетті құрал-жабдықтар, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтар мен ірі қара, ұсақ мал, құс сатып алуға беріледі. 
Облыстың көп балалы аналары да өз ісін ашуға белсенді қызығушылық танытуда. Жалпы, 200 АЕК (505 мың теңге) көлеміндегі грантқа аз қамтылған көп балалы отбасы мүшелері мен мүмкіндігі шектеулі еңбекке жарамды аз қамтылған тұлғалардың ішінен 69 адам өтініш берді.
Нәтижесінде 26 млн.теңгеге әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың 55 өкілдерінің өтінімдері мақұлданды.
Негізінен аналар ауыл шаруашылық, кондитерлік тағамдармен айналысуға, тігін жабдықтарын сатып алуға қызығушылық танытуда. 
Бұл бағытта барлығы 181 грант мақұлданды, оның ішінде 44 гранттың иесі әйел адамдар. 
Естеріңізге сала кетейік, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында 200 АЕК құрайтын гранттар 727 адамға беріледі. Бұл мақсатқа 367,1 млн. теңгеге қарастырылған. Облыс бойынша гранттарды үйлестіріп, беру жұмыстарын ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейінгі мерзімге аяқтау жоспарланған.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?