«Жұмыспен қамту жол картасы» оқыту семинарларының циклі өтеді.

Өскемен қаласында 2014 жылдың 18 маусымында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»: жүзеге асырудың тиімді құралдары» оқыту семинарларының циклі өтеді.

 

Оқыту мақсаты – Бағдарламаға қатысушылардың өзара қарым-қатынасына талдау жасау, ШҚО жұмыспен қамту бөлімдері мамандарын тұрғындармен және ұйымдармен жұмыс істеудің тиімді әдіс-тәсілдеріне үйрету.

 

Оқытуға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, жұмыспен қамту орталықтарының  басшылары мен мамандары қатысады.

 

БАҒДАРЛАМАДА ҚАРАСТЫРЫЛАТЫН  НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕР:

 

1  -  оқыту модулі: ЖҚЖК 2020 қызмет көрсету сапасы

-   Сапа мәселесі – қызмет көрсету мен қызмет көрсету үдерісінің  сапасы

-  Тұтынушылармен қарым-қатынас үдерісі: цикл, процедуралар, «күрделі» тұтынушылар

-   Шиеленіс жағдайларында өзін ұстау

-  Тұтынушыға арналған соңғы нәтиже

 

2 – оқыту модулі: ақпараттандыру және  коммуникациялар

-  Тиімді ақпараттандыру әдіс-тәсілдері, кері байланыс

-  Түрлі мақсатты топтармен жұмыс істеу  тәсілдерін дифференциациялау

-  Тиімді коммуникациялар құрудың жекелей тәсілдері

 

3 – оқыту модулі: ЖҚЖК 2020 аясында қызмет көрсетудің кешенді тәсілдері

-  Жауапты құрылымдық бөлімшелермен тиімді қарым-қатынас құру

-  Бағдарлама құралдарын жүзеге асырудағы кешенді тәсілді қолдану

 

Өтетін орны: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 102 ( А.С. Пушкин атындағы кітапхана)

Басталатын уақыты:  сағат 9.00

Ұйымдастырушылар: «Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» ММ, «ЗУБР» консалтинг орталығы.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?