Отандастармен кездесу

Отандастармен кездесу

 

2015 жылғы 3 және 5 қараша аралығында Өскемен қаласы, Зайсан, Үржар аудандарында БҰҰДБ және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының ұйымдастыруымен оралмандармен кездесулер ұйымдастырылды.

3 қарашада кездесу Өскемен қаласының 28 шағын ауданында БҰҰДБ, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы, Көші-қон полициясы басқармасы, ЖӨБ өкілдерінің қатысуымен өтті. Кездесуге 30 аса отандасымыз қатысты.

4 қарашада кездесу Зайсан қаласында өтті, оған жоғарыда аталған мекемелерден басқа кездесуге аудан әкімі Оңдақанов Алмас Аманқолұлы, жұмыспен қамту, жер қатынастары бөлімдерінің, кеден, медициналық мекемелер басшылары қатысты. Кездесуге 40 аса адам қатысты.

5 қарашада кездесу Үржар ауылының Нұр Отан партиясының ғимаратында өтті. Кездесуге 30 адам қатысты.

Кездесуде этникалық көші-қон мәселелері талқыланды, «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңына енгізілетін өзгерістер бойынша түсініктер берілді.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?