Оралмандарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

2017 жылдың 4-ші сәуірінде Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігі, «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ және «Оралмандарды бейімдеу орталығы» қоғамдық бірлестігі арасында заңнамалық актілер шеңберінде оралмандарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«Оралмандарды бейімдеу орталығы» қоғамдық бірлестігі қандастарымызға құжаттандыру мәселелері: оралман мәртебесін беру, ықтиярхат және ҚР азаматтығына құжат тапсыру  бойынша ақпараттық және құқықтық көмек көрсетеді. Жергілікті атқарушы билік өкілдерімен бірлесе отырып, оралмандарға мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған әлеуметтік  көмек мәселелері бойынша өткізілетін шараларды өткізуге қатысады.

Ақпарат алу үшін байланыс телефоны 8 7222 56-17-88.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?