Жеңістің 70 жылдығымен құттықтады

 

 

Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы А.Е. Садықова Ұлы Отын соғысының ардагерлері В.П. Сазоновты, П.П. Чеботаревты, тыл еңбеккері В.П. Овсепянды Жеңістің 70 жылдығымен құттықтады.

Василий Петрович Сазонов – соғыс мүгедегі, 1960 және 1999 жылдар аралығында облыстық дәрігерлік сараптау комиссиясында дәрігер болып қызмет атқарды. 1942 жылы әскери курсын аяқтағаннан кейін майданға аттанды. Екі айдан кейін оңтүстік-батыс майданында жарақаттанды. Барлаушы қызметінде болды, 1943 жылы Курск қаласының жанында басқарманың тапсырмасы бойынша жаудың танкілерімен жасырын теміржолды анықтады, бұл операция үшін «За Отвагу» медалімен марапатталды.

Василий Петрович 1944 жылы Венгрияда жаудың барлаушысын тұтқынға алғаны үшін «Красная Звезда» орденін алды. «»Отечественной войны 1 степени» орденімен, «За Отвагу» медалімен және басқа да медальдармен марапатталды.

 Валентина Арутюновна Овсепян – соғыс жылдары  Семей қаласында тұрған, мектеп оқушыларын көршілес колхозға жұмысқа апарған, жер түптеп, бидай орған, картофель жинаған. Семейде жаралы адамдар үшін жуылған дәкелерді әзірлеп, жауынгерлер алдында концерттер берген. 1958 жылдан бері дәрігер болып қызмет атқарды, ю22 медбөлімінің меңгерушісі болды, алты жыл облыстық дәрігерлік сараптау комиссиясын басқарды.

Павел Пантелеевич Чеботарев – 1951 және 1987 жылдар аралығында Зимовьев интернат үйінің директоры болып жұмыс атқарды.  Павел Пантелеевич әскери қызметке 1940 жылы шақырылған. 1941 жылғы қазанда әрекеттену армиясын жіберілді. Алғашқы әскери тәжірибесін Ростов қаласының жанында алды. 1942 жылғы 8 наурызда ауыр жарақаттанды. 1942 жылғы 19 мамырда Северный Донец өзеніндегі шайқаста екінші рет жарақаттанды. 1942 жылғы желтоқсанда Калач қаласының жанында үшінші рет жарақаттанды. 1943 жылы Тамбов пулемет училищесіне қабылданды. Кейін Белоруссияда соғысты, Неман өзенін алуға қатысты. Польшада соғысқан. 1944 жылғы 10 қазанда төртінші рет жараланды. 1945 жылғы қаңтарда қайтадан соғысқа аттанды. Шығыс Пруссиядағы соғысқа, Кенигсберг қаласын алуға қатысқан. Павел Пантелеевич Жеңіс Күнін 1945 жылғы 9 мамырда майданда қарсы алды. Екі «Красной Звезды» орденімен, «Отечественной войны 1 степени» орденімен және көптеген медальдармен марапатталды.

 

 

 

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?