Жеңіс Күнін тойлау

Жеңіс Күні – біздің ардагерлеріміздің  ең жарқын мерекесі. Соғыс жылдарының сұрапыл естеліктері майдангерлердің есінде мәңгіге сақталып қалған. Осы күнді ұлықтау, осы күнге арнап мерекелік іс- шаралар өткізу әрбір мекеменің  қасиетті борышы. Осы мақсатта  «Зейнеткерлерге әлеуметтік   қызмет көрсету аумақтық орталығы   КММ»- де  соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерімен кездесу ұйымдастырылды.

«Это праздник со слезами на глазах» атты мерекелік іс- шараға  қала әкімі       Е.Б. Салимов, қалалық  Ардагерлер кеңесінің төрағасы А.А. Доғалақов, әкімнің орынбасары Н.В. Шарова, ММ «Жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» басшысы А.А. Құрманғалиев, «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалының  бірінші орынбасары

З.Ф. Жамалдинова «Шығыс» аймақтық әскери қолбасшылығы, демеуші «Якуб» шаруа  қожалығының  басшысы  Я.Ф. Булатов т.б  қатысты.

«Достық» ансамлінің  орындаған салтанатты маршымен кеуделеріндегі марапаттары жарқылдаған  ардагерлер  мерекелік залға көтерілді, онда оларға Д.Ю. Лобанов жетекшілік ететін  «Иртышаночка» вокалды тобының, рухани демеушілер  Семей филармониясының  «Достық» ансамлінің  әншілері М. Утеленова, Валерий Коваленко, «Шығыс» аймақтық әскери қолбасшылығының қатысуымен концерттік бағдарлама қойылды.

Осындай атаулы мерекемен ардагерлерді  қала әкімі Е.Б. Салимов  құттықтады. Ол ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне Ұлы Отан соғысында  көрсеткен көзсіз ерліктері мен  тылдағы ерен еңбектері үшін үлкен алғыс білдіре келе,  ардагерлерге  зор денсаулық, айналадығылардың жүрек жылуын тіледі және теледидар сыйға тартты.

Мереке  көңілді, достық жағдайында өтті.

Қатысушылар вальс айналып, би билеп көңілдерін көтерді, одан әрі мерекелік іс- шара әскери блиндажда жалғасты, орталық аймағында  дала асханасында  майдандық 100 гр. мен қарақұмықтан дайындалған ботқа  берілді.

«Олар Отан үшін от кешті» стелласына гүл шоқтары қойылып, бір минуттық үнсіздікпен соғыста қаза тапқандар еске алынды.

Мерекелік іс- шара  дастархан басында  демеуші  Я.Ф. Булатовтың сыйға тартқан  азық- түлік- жиынтығы мен гүл шоқтарын сыйлаумен аяқталды.

Мереке соңында  директор Г.К. Дуксумбаева  залдағы барлық қатысушы қонақтарға соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құрметтеуге арналған  іс- шараға қатысқандары үшін алғыс білдірді.

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?