2017 жылы Шығыс Қазақстан облысында Еңбек күні және «Парыз» конкурсының 10 жылдығын мерекелеу

2017 жылғы 24 қазандағы ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы «Шығыс Қазақстан облысының Еңбек күні және «Парыз» конкурсының 10 жылдығы» іс-шарасын өткізді.

Елбасының «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын» құру идеясы аясында, Еңбек адамының авторитетін жоғарылату, еңбек өнімділігін ынталандыру, жұмыскерлер кәсіптерін насихаттау, жастарды өндіріс саласына тарту, көпжылдық еңбек әулеттері салтын сақтау мақсатында Мемлекет басшысының Жарлығымен «Еңбек күні» бекітілді.

Қазақстанда Еңбек күні мемлекет басшысының жарлығы 2013 жылғы 22 қарашадан бастап мерекеленеді.

Ағымдағы жылы «Алтай» технопаркінде өткен салтанатты іс-шарада «Еңбек Жолы» конкурсының облыстық кезеңінің нәтіжесі шығарылды. Ал 2008-2016 жылдар арасында «Парыз» конкурсының лауреттарына 10 жылдық құрметіне естелік мүсіншелер берілді.

Облыстық «Еңбек Жолы» конкурсының нәтіжесі бойынша жеңімпаздар: «Өндірістің үздік жас маманы»  (Изотов В.С., «Азия Авто» АҚ), «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» (Скаков М.К., Курчатов қ., ҚР ҰЯО), «Үздік еңбек әулеті» (Енсебаевтар әулеті, Аягөз ауданы, «Қамқор Вагон» ЖШС, Аягөз вагон депосы).

Сонымен қатар «Парыз» конкурсының естелік мүсіншелері алтын «Парыз» алған және конкурсқа бірнеше рет қатысатын келесі кәсіпорындарға берілді: «Восток Молоко» ЖШС, «Милка» ЖШС, «Казцинк» ЖШС, «Титан» ӨКФ, «УМЗ» АҚ, «Ибраев+ К» ӨК, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, «Азия Авто» АҚ, «Бухтарминская цементная компания» АҚ.

Іс-шараға «Нұр Отан» партиясының, ардагерлер кеңесінің, облыс басқармаларының, кәсіподақ орталығының, өкілдері мен студент жастар қатысты.

Сіз кім болып жумыс істейсіз?