«ӨРЛЕУ» ЖОБАСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАП КЕТТІ

«ӨРЛЕУ» ЖОБАСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАП КЕТТІ

 

 

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен Дүниежүзілік банктің біріккен экономикалық зерттеулер Бағдарламасының ықпалдасуымен аз қамтылған отбасыларға шартты ақшалай көмек төлеу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру шеңберінде («Өрлеу» жобасы) 2014 жылғы 23-25 сәуір аралығында Өскемен қаласында «Өрлеу» жобасымен тікелей айналысатын аудандық (қалалық) жұмыспен қамту бөлімдерінің, жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлеріне, әлеуметтік жұмыс бойынша консультанттар мен ассистенттерге арналған                  8 және 12 сағаттық оқыту семинар-тренингі өткізілді.

Семинарға 43 аудандық (қалалық) жұмыспен қамту бөлімдерінің, жұмыспен қамту орталықтарының мамандары және 45 әлеуметтік жұмыс бойынша консультанттар мен ассистенттер қатысты.

Семинарда «Өрлеу» ШАК бағдарламасы жобасының тұсаукесері жүргізілді, «Өрлеу» жобасының нысаналы топтары талқыланды, отбасылармен сұхбат, әңгімелесу жүргізу принциптері түсіндірілді, бағдарламаны жетілдіру үшін өзара ықпалдастық мониторингі ұсынылды.

 

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?