БӘРІМІЗ БІРДЕЙМІЗ

БӘРІМІЗ БІРДЕЙМІЗ, КЕМСІТУДІ БІЛМЕЙМІЗ

 

        ҚР президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында адамдардың әл ауқатын   жақсартуға  көңіл бөлінген. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайларын жақсартып, оларды белсенді өмір сүруге,  өздерін қоғамның толыққанды мүшелері ретінде сезінуге, олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс делінген. Елбасы барлық  әлеуметтік институттарға, мемлекеттік емес ұйымдарға, «Нұр Отан» партиясына осы  міндетті қолға алуларын тапсырды.

     Елбасының Жолдауындағы талаптарға сәйкес Аягөз балалардың психоневрологиялық медициналық әлеуметтік мекемесіндегі тәрбиеленіп жатқан балалардың өмір сүру деңгейін жақсарту жолында жұмыстар жүргізілуде, олардың толыққанды дамуларына, қуанышты сезінуге және таланттарын дамытуға, өз қатарластарымен достық қарым- қатынаста болуға, олардың  қоғамға  және әлеуметтік бейімделулеріне жағдай жасалған.

     Балалардың денсаулықтарын жақсарту мақсатында мекемедегі тәрбиеленушілерді спортпен  айналысуларына  барлық жағдайлар жасалған. Жоспарланған сабақтармен қатар, волейболдан, мини – волейболдан, стол үстіндегі теннистен жаттығулар күнделікті өткізіліп тұрады. Республикалық «Спешиал Олимпикс» бірлестігімен тығыз байланыс орнатылған.

    Осы көрсетілген ұйымның шақыруымен біздің тәрбиеленуші балалар волейболдан, мини- футболдан  және спорттың басқа да түрлерінен әртүрлі жарыстарға қатысып отырады. Биылғы жылы  14 наурыз бен 16 наурыз аралығында Өскемен қаласында  өткен стол үстіндегі теннистен Республикалық турнирге  барып қайтты. Осы жолы да Аягөз балалардың психоневролологиялық медициналық әлеуметтік мекемесінің балалары  дене шынықтыру нұсқаушысы Е.Н.Мукатаевтың басшылығымен дайындықтарының жоғарғы деңгейде екендігін  көрсетіп келді. Тәрбиеленуші Бөлекбаев Диас бірінші орын, Беляев Антон екінші орын, сонымен қатар командалық ойыннан жүлделі  3 орын алып «Спешиал Олимпикс» бірлестігінің құрмет қағаздарымен марапатталды.

 

                                                                   

 

Осылай, біз үкіметіміздің әлеуметтік саладағы жұмысының жандануын, балалардың өз мүмкіншіліктеріне қарамастан, өздерінің күштері мен мүмкіншіліктерін іске асыруға, өз қабілеттеріне сенімді болуларына мүмкіндік бар екенін көріп отырмыз.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?