Көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру

Көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру

Еңбек көші-қоны

Облыстың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы "тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында немесе корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсетеді.

2018 жылға Квота 1941 бірлік мөлшерінде бекітілді.

Анықтама: I санат бойынша (басшылар және олардың орынбасарлары) – 39, II санат бойынша (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) – 485, III санат бойынша (мамандар) – 647, IV санат бойынша (білікті жұмысшылар) – 506, маусымдық жұмыстарға – 264.

2018 жылдың қорытындысы бойынша шетелдік мамандарды тартуға 974 рұқсат  берілді.

Рұқсат беру қағидаларының өзгеруіне байланысты 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап рұқсат беру және ұзарту үшін жұмыс берушілерден салық алымы өндіріліп алынады. Осыған байланысты шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттілігі туралы мәлімдеген жұмыс берушілер сұралған квотаны толық көлемде пайдаланбады. Облысқа бөлінген квота 50% (2017 жылы 25%) пайдаланылды. 2018 жылы бюджет кірісіне 189,1 млн.теңге  түсті.

Жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде 2019 жылға 2776 бірлік көлемінде шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттілігі қалыптасты, оның ішінде: I санат бойынша – 23, II санат бойынша – 277, III санат бойынша - 839, IV санат бойынша – 602, маусымдық жұмыстарға – 1035.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 3 бұйрығымен 2019 жылға бұл квота бекітілді.

2019 жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген квота 2018 жылға қарай 43% - ға артты, оның 40% - ы құрылыс саласында. 

Экономикалық қызмет түрлері бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың шетелдік жұмыс күшіне қажеттілігін талдау тамақтану, ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау бойынша қызметтер көрсету саласындағы белсенділік туралы көрсетеді.

Мәселен, тамақтану бойынша қызметтер көрсету бойынша шетелдік мамандарды тарту қажеттілігі 2019 жылы 30-ға дейін артты, 2018 жылы 20 бірліктен (іс жүзінде 14 адам тартылды). Ауыл шаруашылығында ағымдағы жылы 84 бірлік шетелдік жұмыс күшіне квота белгіленді, 2018 жылы жоспар бойынша 14 маман тартылды. Денсаулық сақтау саласында 2018 жылы 2 бірлік 2019 жылы 12-ге дейін, бұл инемен емдеу және массаж қызметтері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?