Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігі, «ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ және «Оралмандарды бейімдеу орталығы» Қоғамдық бірлестігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум

 

    2017 жылдың 4 сәуірінде «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де Семей қаласында және ауылдық округтерде кездесу негізінде атқарушы органдар мен дербес бөлім қызметкерлерінің қатысуымен заңнамалық актілер және мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттық түсіндіру шараларын жүргізу бойынша өзара  ынтымақтастық туралы салтанатты түрде Меморандумға қол қойылды.

Іс-шараға Семей қаласы әкімінің орынбасары Шарова Н.В., «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы А.Құрманғалиев, «Оралмандарды бейімдеу орталығының» төрағасы А.Табілтай қатысты.

        Өз сөзінде Семей қаласы әкімінің орынбасары Н.Шарова меморандумның басты мақсаты дауларды шешуде балама рәсімдерді қолдану, қоғамдағы қақтығыстардың  дәрежесін төмендету, оралман - қандастарымызға жағымды заңды орта қалыптастыру екенін, атап көрсетті.

         Оралмандарды бейімдеу орталығының төрайымы А.Табілтай атап көрсеткендей, меморандум толық және жинақы түрде Елбасымыздың Жолдауы бойынша оралман - қандастарымыздың елге оралуы есебінен демографияны дамытуға, олармен қарым –қатынасты нығайтуға және де олардың проблемаларына қатысты барлық дауларды шешуге бағытталған.

         Кездесу барысында әлеуметтік жүйені дамыту мәселелері және де жаңадан бекітілген меморандум мақсаттары талқыланды. Құжатқа қол қойылғаннан кейін меморандум қатысушылары әлеуметтік сала мамандарының жұмысымен  танысып өтті.

         Бұдан бұрын 2017 жылғы 28 наурызда 2017 жылға Семей қаласы әкімнің орынбасары Н.Шаровамен оралман - қандастарымызға  арналған түсіндіру жұмыстарының жоспары бекітілген болатын. Оралмандар мәселелерін шешіп отыру үшін екі ай сайын дөңгелек үстелдер ұйымдастырлатын болады.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?