Семей қаласы бойынша жәрмеңке өтті

«Семей қаласы  әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, 2017  жылдың 28 сәуірінде  «Жұмыс жаса және қоғамда қал» атты  Пробация қызметі бас бостандығынан айыру орындарынан, әкімшілік қадағалау орнатылып немесе шартты түрде мерзімінен бұрын босатылып шыққандарды және қоғамнан оқшаулау емес жазаларға сотталған тұлғаларды еңбекпен қамту жобасын орындауда қылмыстық – атқару жүйесінің (ҚАЖ) пробация қызметінің есебіндегі шартты сотталған тұлғалар үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізді.

Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесінің негізгі мақсаты - сотталған тұлғаларды жұмысқа орналастыру және оларға әлеуметтік қорғау шараларын көрсету. Оған қатысқан жұмыс берушілер: «Көлік және коммуникация ғылыми-зерттеу институты», «ЗАЦИ», «Агор А»,  «Арена S» ЖШС , «Муздыбай» ШҚ,   әр түрлі жұмыстар жұмысшысы, есептеуші, сатушы, механизаторлар, электрик және дәнекерлеуші мамандықтары бойынша бос жұмыс орындарын ұсынды.

ҚАЖ департаментінің Затон, Әуезов және Орталық аудандарының пробация қызметінің есебіндегі тұлғалар бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне барлығы 20-дан асқан адам қатысты. Барлық жәрмеңке қатысушыларына еңбек нарығындағы жағдайы және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары бойынша Жұмыспен қамту орталығының мамандары кеңес берді.

Өткізілген бос жұмыс орындарының жәрмеңкесінің қортындысы бойынша 11 адам бос жұмыс орындарына жолдама алды.

10 адам кәсіптік оқытуға (дәнекерлеуші, шаштараз, бухгалтер 1-с, ЭЕМ операторы, электрик және т. б) мамандықтар бойынша жазылды.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?