Семей қаласында «Пробация үйі» жобасын жүзеге асыру туралы ақпарат

Семей қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы «Бас бостандығынан айыру орнынан босаған және сынақтан өту қызметіне тіркелген азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру» 100 нақты қадам ұлттық жоспарының 33 қадамын орындау бойынша анықталған жұмыстар жүргізуде.

2017 жылғы 24 мамырда Семейде қала прокуратурасының бастамасы бойынша Найманбаев, 139 мекенжайында «бір терезе» қағидасы бойынша есепке алынған тұлғаларға әлеуметті – құқықтық көмегін көрсету бойынша «Пробация үйі» жұмысын бастады. Прокуратура, пробация қызметі, әділет, денсаулық сақтау, білім, кәсіпкерлік басқармалары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі, ХЖҚО, ХҚКО, ӘБО бірлесе  қала бойынша «Пробация үйі» жобасын жүзеге асыру бойынша іс – шаралар Жоспарына сәйкес жұмыс жүргізіледі. Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында әлеуметтік көмек көрсету мақсатында әр күн сайын есепке алынғандарды қабылдайды. Іске асыру басынан бері «Пробация үйі» 87 адамға кеңес берді, 24 адамға тұрақты жұмыс орындарына жолдама берді, олардан 3 адам (Еңбек Өскемен ЖШС) жұмысқа орналасты, 16 адам кәсіптік оқыту  курстпрына жазылды, 11 адам («Баракат», «Терезе», «Юнити» ЖШС, «Мұздыбай» ШҚ, «Хазипов», «Магзумова» ЖК) әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды, жастар тәжірибесіне 1 адам жазылды, 1 адамға шағыннесие бойынша кеңес берілді.

Сонымен қатар, Халықты жұмыспен қамту орталығының ғимаратында бас бостандығынан айыру орнынан босаған және пробация қызметінің есебінде тұратын тұлғалармен 1 маман айналысады.

2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482 «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚРЗ және 2016 жылғы 11 шілдедегі № 1070  «Жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығын айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналасыру үшін жұмыс орындарына квот белгілеу туралы» әкімдіктің қаулысына сәйкес, жалпы жұмыс орындарының бір пайызы көлемінде барлық үлгідегі меншік иесіндегі кәсіпорындар және ұйымдар үшін квота белгіленді.

Пробация қызметі есебінде тұратындарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бойынша жұмыстар жалғасуда



Сіз кім болып жумыс істейсіз?