Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің кеңесі

ШҚО Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің кеңесі өтті. Аталған кеңесте тыңдалған сұрақтардың бірі бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы болды.

Берілген сұрақ бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А. Құрманғалиев сөз сөйледі. Өз сөзінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру және оларға әлеуметтік көмек көрсету бойынша атқарылған  жұмыстар туралы айтты. Сонымен қоса «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482 Заңына және «Пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс  орындарына квота белгілеу туралы» Семей қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 1070 қаулысына сәйкес меншіктің барлық түрлеріндегі ұйымдар мен кәсіпорындар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленгендігі туралы ақпарат берді.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 27-VI Заңының қабылдануымен байланысты Семей қаласының прокуратурасынан осы заңның күшіне енуімен адамдардың келу ағымы көбейгендігіне сілтеме жасалғандығы және жоғарыда аталған санаттағыларға квотаны бес пайызға дейін жоғарылату туралы өтініш білдіргені туралы хат келді.

Қоғамдық кеңес жұмыспен қамту бөлімінің басшысының баяндамасын қарастырып және талқылап «ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру және әлеуметтік  көмек көрсету мақсатында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған пробация қызметінде есепте тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызға дейінгі мөлшерінде жұмыс орындарына квота көбейту қажеттігі жөнінде ұсыныс білдірді.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?