Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру

«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ  келесі мемлекеттік қызметті көрсетеді:    «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік қызметі бойынша:

Ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға мыналар жатады:

-         Әуеде және жер үстінде ядролық жарылыстар жасаған кезеңде  (1949-1965 ж.ж.) радиоактивті заттармен ластануға ұшыраған аумақтарда тұрған, жұмыс істеген немесе әскери қызмет  (соның ішінде мерзімді) атқарған азаматтар;

-         1966 жылдан 1990 жылғы 1 қаңтарға дейінгі аралықта жерасты ядролық жарылыстарын жасау кезеңінде осы аумақтарда тұрған,жұмыс істеген немесе әскери қызмет (соның ішінде мерзімді) атқарған азаматтар;

-         1949 жылдан 1990 жылғы дейінгі аралықта жеңілдікті әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бар аумақта тұрған, жұмыс істеген немесе әскери қызмет (соның ішінде мерзімді) атқарған азаматтар;

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

Алғашқы рет жүгінген көрсетілетін қызметті алушыларға куәлік беру – Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу туралы шешім қабылданғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

Куәліктің телнұсқасын беру – көрсетілетін қызметті алушының өтініші тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні;

Біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу кестеге сәйкес.

Көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:

1)жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

2) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

3) банк шоты туралы мәліметтер немесе өтемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйыммен жасалған шарт;

4) 1949 жылдан бастап 1965 жылды қоса алғандағы, 1966 жылдан бастап 1990 жылды қоса алғандағы кезеңдерде Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұру фактісі мен кезеңін растайтын құжаттарды (мұрағат анықтамалары, ауылдық, кенттік Халық депутаттары кеңестерінің, тұрғын үйді пайдалану басқармаларының, үй басқармаларының, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдерінің, пәтер иелері кооперативтерінің анықтамаларын; еңбек кітапшасын; оқу орнын бітіргені туралы дипломды; әскери билетті; туу туралы куәлікті, орта білім туралы аттестатты, негізгі мектепті бітіргені туралы куәлікті), болған кезде – «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бұрын берілген куәлік.

2017 жылы біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу үшін, 53 өтініш алынды,  47 азаматқа төлем жүргізілді, 370 экологиялық куәлік  берілді. 

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету  Қозбағар көшесі, 40 А үйі, тел: 56-18-39, 56-19-12    211, 212, 216 кабинет.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?