ШҚО-да көпбалалы отбасы балалары колледжде тегін оқиды

Бұл мақсатта облыстық бюджеттен 245 миллион теңге қаржы бағытталмақ. Сонымен қатар өңірдегі әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың колледжде оқитын балалары (4200) тамақпен және шәкіртақымен тегін қамтылады. Бұған 3 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінеді. Сондай-ақ, аймақтағы аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың мектеп жасындағы балаларына форма сатып алуға 500 миллион теңге көлемінде жәрдем көрсетілмек. Облыс әкімі Даниал Ахметов мұндай жағымды жаңалықты бүгін «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ХХІІ конференциясында айтты. Азамат ҚАСЫМ, «Egemen Qazaqstan» ӨСКЕМЕН



Толығырақ: https://egemen.kz/article/shqo-da-koepbalaly-otbasy-balalary-kolledzhde-tegin-oqidy
МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ!



Сіз кім болып жумыс істейсіз?