ШҚО-да мөлшері 505 мың теңгеге дейінгі гранттар беріле бастайды

Мемлекеттік бюджеттен мөлшері 200 АЕК-ні құрайтын қайтарымсыз қаражат жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыратын мүмкіндігі шетеулі және азқамтылғын көпбалалы отбасылардың 727 мүшесіне берілмек.

 Бұған дейін бізНәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында табысталатынқайтарымсыз гранттарды беру ережесінің  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қарауында жатқаны жөнінде хабарлаған болатынбыз. Құжат қазіргі уақытта құжат бекітіліп, күшіне енді.

 Мөлшері 200 АЕК-ні құрайтын (505 мың теңгеге дейін) мемлекеттік гранттарды беруге республикалық бюджеттен 367,1 млн. теңге қазірдің өзінде бөлініп қойды. Оларды алатындар саны 727 адам. Бүгінгі таңда тұрғындардың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарының ішінен грант алатындар санаты анықталып қойды.

 4 маусым күні ШҚО-да гранттарды бөлу бойынша алғашқы комиссия отырысы өтеді. Ал қайтарымсыз қаражат алуды ойлаған азаматтар тұрғылықты жері бойынша Жұмыспен қамту орталықтарына жүгінулері қажет.

 Қоса кетсек, грантты алуға «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқудан өткен немесе мемлекеттік бағдарламаның бірінші бағыты бойынша осыған дейін мемлекет тарапынан қаржылай қолдау алып көрмеген азаматтар үміт арта алады.

 Сондай-ақ, жоғарыда көрсетілген азаматтар жаңа бизнес-идеяларды іске асыру бойынша 100 АЕК мөлшеріндегі (252 500 теңгеге дейін) гранттарды да ала алады. Мұндай грант бұған дейін осындай мақсаттағы қаражатты алып көрмеген азқамтылған көпбалалы отбасыларға, азқамтылған мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға, сонымен қатар оралмандар мен оңтүстік өңірден көшіп келушілерге беріледі. Аталмыш мақсатта бюджеттен 67,7 млн. теңге қаражатты 268 адамға беру көзделген. Қазіргі уақытта 119 адамға жалпы сомасы 30 млн. теңге грант беріліп те қойды.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?