ШҚО ЖҚ ӘБҮБ «РАӘ ҚКО» КММ-де медицина қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шараның өткізілуі

Риддер арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Медицина қызметкерлері күнін атап өту жыл сайынғы дәстүрге айналған. Биыл да сол дәстүр жалғасын табуда.

Риддер қаласының Мәдениет сарайында 14 маусым күні медицина қызметкерлерінің салтанатты жиыны болып өтті.  ШҚО ЖҚ ӘБҮБ «РАӘ ҚКО» КММ-нің жоғары санатты медбикесі - Татьяна Николаевна Помыткинаға Риддер қаласы Әкімінің грамотасы табыс етілді. Сондай-ақ, осы іс-шараға «РАӘ ҚКО» КММ-нің медицина ардагерлері де шақырылды.

15 маусым күні Риддер қаласындағы Республикалық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледжінің стадионында біздің Орталық қызметкерлерінің арасында спорттық жарыс өтті. Жарысқа біздің ұжымның ең епті, зерек, спортшы деген 42 адамнан құралған 6 командасы қатысты. 1 орын «Девчата» (әлеуметтік қызмет) командасының қанжығасына бұйырып, 20000 теңге сыйлық, 2 орынды «Комета» командасы (Шаруашылық және механикалық қызмет) алып, 15000 теңге сыйлық, 3 орынды «Дельфин» (әкімшілік) командасы иеленіп, 10000 теңге сыйлық, 4 орын «СМС» (медициналық қызмет») командасына бұйырып, 7000 теңге сыйлық, 5 орынды «Олимп» (кіші мед.қызметкерлер) командасы алып, 5000 теңге сыйлық, 6 орынды «Спарта» («А» корпусының кіші мед.қызметкерлері) командасы еншілеп, 3000 теңге сыйлық алды. Жарыс қатысушыларына арналған ақшалай сыйлықты «РАӘ ҚКО» КММ-нің кәсіподақ ұйымы дайындады.