ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына жаңа басшы тағайындалды

         2016 жылғы 11 тамызда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К. Ахметов басқарманың ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Облыстық әлеуметтік қорғау органының жетекшісі болып Елена Васильевна Старенкова тағайындалды. Ол бұрын Курчатов қаласы әкімінің орынбасары лауазымында болған.

        Старенкова Елена Васильевна 1968 жылы 14 қантарда Семей қаласында туған. 1990 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің орыс тілі және әдебиет мамандығын бітірді. Тағайындалған квалификациясы – филолог.

Еңбек жолы: 

08.1992-09.1994 жж. № 2 орта мектептің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, Семипалатинск- 21 қаласы, Семей облысы;

09.1994-10.2000 жж. № 2 мектеп- лицей директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы, Курчатов қаласы; 

10.2001-12.2001 жж. Жеке еңбек шарты бойынша Курчатов қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы, Курчатов қаласы;

12.2001-04.2004 жж. Шығыс Қазақстан облысы, Курчатов қаласының «Курчатов қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің басшысы;

04.2004-11.2004 жж. Шығыс Қазақстан облысы, Курчатов қаласы Курчатов қаласы әкімі аппаратының басшысы;

11.2004 –08.2016 жж. Шығыс Қазақстан облысы, Курчатов қаласы Курчатов қаласы әкімінің орынбасары.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?