ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының Семей қаласына жұмыс іс-сапары

2016 жылғы 14 желтоқсанда Семей қаласына ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бсқармасының басшысы Елена Васильевна Старенкова жұмыс іс-сапарымен келді .

Ең бірінші Старенкова Е.В. зейнеткерлерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығында өткен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған  «Үлкен ұрпақтың жастарды өнелі-патриоттыққа тәрбиелеудегі ролі» атты  дөңгелек үстелге қатысты.

Дөңгелек үстел басталар алдында  Елена Васильевна орталықтың материалдық базасымен танысып, күндізгі жартылау стационардың ардагерлерімен кездесті, орталықтың жұмысы туралы , мемлекеттің үлкен ұрпаққа назар аударып оларға  қамқорлық көрсетуі туралы ардагерлердің пікірін тыңдады, олардың ел басы                  Н.Ә. Назарбаевқа  алғыстарын білдірді.

Зейнеткерлерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталықтың ақсақалдар Кеңесінің басшысы Г.В. Мюллер сөз сөйледі.

Ол орталықта өсіп келе жатқан  ұрпақпен жүргізіліп жатқан жұмысты толығымен  баяндады.

Қалалық ардагерлер Кеңесінің төрағасы А.А. Доғалақовтың « Мәңгілік Ел ойын енгізу және қоғамда руғани байлық құрудағы соғыс және еңбек ардагерлерінің ролі»   туралы сөз сөйлеуі маңызды болды.

«Үлкен ұрпақ – батырлық пен батылдықтың үлгісі» тақырыбында Аймақтық басқару майоры  - А.А. Маритынов сөз сөйледі.

Дөңгелек үстелді «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ  басшысы А.А. Құрманғалиев қортынылап, белсенділерді Семей қаласы әкімінің алығыс хаттарымен марапаттады.

Осы мереке  әлеуметтік жұмысшылардан құралған «Иртышановчка» вокалдық тобының орындауымен аяқталды.

 

    Одан кейін Абай атындағы облыстық кітапханада Елена Васильевна  «Центр семьи», «Асыл», «Исток» қоғамдық бірлестіктері сияқты үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті.

    Кездесу барысында  қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері  өздерінің мемлекеттік мекемелермен қарым қатынастарын айтып, өздерінің қызметтерін іске асыратын жұмыс орындарымен таныстырды.

    Осыдан кейін Елена Васильевна «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ келіп азаматтардың қабылдауын жүргізіп, жүгінген тұрғындармен көтерілген проблемалық мәселелеріне жеткілікті жауап берді.

     Азаматтарды қабылдағаннан кейін  осы мекемеде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің  25 жылдығына мерекелік салтанатты мереке  Елена Васильевнаның құттықтау сөзімен ашылды.

      Құттықтауында ол жылы тілектерін білдіріп айрықша күннің құрметіне Бөлім қызметкерлеріне облыстық басқарманың алғыс хаттарын тапсырды.

     Әрі қарай «Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы барлық қатысушыларды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтап, облыстық Басқарма басшысына назары үшін алғысын білдірді және қызметкерлерге Семей қаласы әкімінің атынан, сондай ақ өз атынан мақтау қағаздар мен алғыс хаттарды табыстады.

    Әлеуметтік қорғау  ардагерлері де Е.В. Старенкованы құттықтап  жемісті еңбегі үшін жылы лебіздерін білдірді.

     Салтанатты мереке бөлімге қарасты мекемелер ұйымдастырған концерттік бағдарламамен жалғасты.

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?