Шоғырланған семинарларды өткізу туралы

ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы жауапты органдармен бірлесіп 2017 жылғы 20 маусымда (Семей қаласында), 22 маусымда (Өскемен қаласында) және 27 маусымда (Аягөз қаласында) Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу сұрақтары бойынша шоғырланған семинар-кеңестер өткізуді жоспарлауда.

Бұл шараға ауылдық округ әкімдері, халықты жұмыспен қамту орталықтарының директорлары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімдерінің басшылары қатысады.

Шараның өту уақытын және орнын 75-44-77, 75-28-82 телефондары арқылы білуге болады.

Ниет білдірушілерді қатысуға шақырамыз.

Сіз кім болып жумыс істейсіз?