Шығармашылық тұрғыда жұмыс істейміз…

     «Зырян ауданы мүгедектер мен қарттарға әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталағы» КММ психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балалардың күндізгі болу бөлімшесінде «Тәрбиеленушілердің денсаулықты сақтау және нығайту бойынша  жұмыс» тақырыбында семинар өткізді.

      Оның негізгі мақсаты психоневрологиялық патологиясы бар балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту.

     Семинарда негізгі баяндамамен және электрондық таныстыру рәсімімен әдіскер И.А. Рафикова сөз сөйледі. Ирина Александровна әріптестерді сабақтарда және режимдік сәттерде денсаулық сақтау тәсілдерімен және әдістерімен таныстырды.

     Кейін бөлімше қызметкерлері жұмыс тәжірибесімен алмасты.

     Дене шынықтыру мұғалімі А.К. Қыдырханов өз сөзін слайдтарды көрсетумен бастады, олардың көмегімен қызметкерлер оның тәрбиеленушілерімен салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша өзіндік стилімен ерекшеленетін мақсатты жұмысының жүйесін байқады. Ұстаз таң ертеңгі жаттығуды сазды әуенмен немесе санмен бастап, балаларды салауатты өмір салтына үйретті. Өз сабақтарында арқаны тік ұстауға көп көңіл бөледі. БЦП-мен ауыратын балалармен өткізілетін жаттығулар, спорттық жарыстар ерекше орынд алады, ол үшін құрсаулар, доптар, қырлы төсеніш, швед тосқауылы, вертикализатор және т.б. спорт жабдықтары қолданылады.

Шығармашылық эстафетасына тәрбиеші В.В. Лукьянова қосылды. Ол өзінің тәрбие жұмысының денсаулықты сақтау және нығайту бойынша тәсілдері мен әдістері туралы айтты:

- ойын түрінде немесе заттарды қолданумен таң ертенгі жаттығу

- күндізгі ұйқыдан кейін шынықтыру процедуралары

- таза ауада қимыл-қозғалыс ойындары

    Семинардың жұмысын қортындылай келе, бөлім меңгерушісі Н.А. Ягодкина өз сөзінде балалар деңсаулығын нығайту бойынша жұмыс бөлігінің бірі ата-аналарымен жұмыс болып табылатынын белгіледі

- топта балалардың денсаулығын сақтау үшін жасалған жағдаймен бірге, балалардың денсаулығына әсер ететін факторлармен ата-аналарды таныстыру;

- сырқаттардың алдын алу, жеке тазалықты сақтау бойынша, қосымша серуендеу және шұғылдану туралы кеңестер мен ұсыныстар беру;

- «Вирустық аурулардың алдын алу» тақырыбында әңгімелесу;

- «Баланың өміріндегі дәрумендер» көшпелі папкалар;

- сауалнамалау: «Баланы үй жағдайында тамақтандыру», себебі ата-ана өз баласы үшін үлгі және беделді. Сондықтан ата-аналар күн тәртібін, үйдегі бос уақытты ұйымдастыру бойынша тәрбиешілердің кеңестері мен ұсыныстарына қолақ салғандары жөн.

     Семинардың соңында бөлімше ұстаздары балаларды тәрбиелеу мен жетілдіру кезінде шынықтыру және деңсаулықты сақтаған оң нәтиже беретінін түйіндеді. Балалар үлкендермен және жастастармен заттық-кеңістіктік ортада тез тіл табысады: олардың ағзаларының суық тию ауруларына қарсы тұруы және іс-қимыл белсенділігі артады, әлеуметтік денсаулық көрсеткіштері жақсарады.