Шығыс Қазақстанға жұмыс іс сапарымен Премьр-Министрінің бірінші орынбасары келіп қайтты

 

 

Үкімет делегациясының жұмыс іс сапары шеңберінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевпен бірге      2015 жылдың                      2 ақпанында өндірістік үдерістерді тұрақтандыру  және облыстың ірі қала түзуші өнеркәсіптерімен  жұмыс орындарын сақтау бойынша  6 меморандумға қол қойылды: «AES Усть-Каменогорская ТЭЦ» ЖШС, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, «Азия Авто» АҚ, «Казцинк» ЖШС.

2015 жылдың              3 ақпанына қатысты Шығыс Қазақстан облысы бойынша ірі және орташа кәсіпорындарымен 398 меморандум жасалды: олардың ішінде      82 ірі кәсіпорындармен, 316 орта кәсіпорындармен.

Аталған кәсіпорындардағы жұмыспен қамтылған жұмысшылардың жалпы санын 86352 адам құрайды.

Олардың барлығы экономикамыздың дамуының ерекше жағдайында өздерінің жұмыс орындарын сақтап қалуға мүмкіндік алды, ал босатылған жағдайда оларға жергілікті атқару органдары тарабынан жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің барлық шаралары жасалды.

Өндірістік үдерістерді тұрақтандыру  және облыстың ірі қала түзуші өнеркәсіптерімен  жұмыс орындарын сақтау бойынша меморандумдар шеңберінде қарастырылатын  ынтымақтастық бойынша бастамалар бүгінгі күнгі экономикалық қарсылықты тиісті деңгейде жоюға мүмкіндік береді.

Мемлекет, бизнес және кәсіподақтардың біріккен күші халықты жұмыспен қамтуды төмендетпеуге мүмкіндік береді және қазіргі қиын –қыстау кезде бизнеске біршама қолдау көрсетеді.

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?