Шығыс Қазақстан облысына Түркістан облысынан құрамында мемлекеттік құрылымдар мен «Nur Otan» партиясының өкілдері бар делегация келді

Олардың мақсаты – «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты аясында өз еркімен көшіп келген жерлестерінің аймақта қалай өмір сүріп, жұмыс істеп және оқу оқып жатқаның білу.

Алғашқы жиналыс облыс әкімдігінде өтті. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар үйлестіру басқармасының өкілдері мен Түркістан облысынан  көшіп келгендер бұл бағытта қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Айта кетсек, 2018 жылы Шығыс Қазақстан облысына 1816 адам қоныстандырылды. Оның ішінде Алматы облысынан 481 адам, Жамбыл қаласынан - 138 адам, Оңтүстік Қазақстан облысынан - 165, Түркістан облысынан - 38, Қызылорда - 99, Маңғыстаудан - 15 адам, Шымкенттен - 11 адам көшіп келді. Отбасыларға қажетті көмек көрсетілді.

Солардың бірі - Әбілхасым Дүйсебаев. Ол Түркістан облысының Сарыағаш ауданынан Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Новая Бұқтырма ауылына көшіп келді. Үлкен отбасы 11 адамнан тұрады, әйелі, балалары және келіні. Отбасының айтуынша, олар жергілікті жағдайларға тез бейімделді.

«Барлық төлемдер мемлекеттен берілді. Тұрғын үй алдық. Жергілікті билік бізді шын жүректен қарсы алды және жан-жақты көмек көрсетті. Мен мамандығым бойынша тракторшымын. Бірақ  мұнда «Бизнес Бастау» бағдарламасында оқыдым, бағдарлама үшін 100 АЕК көлемінде мемлекеттік грант алдым. Содан кейін шаруа қожалығын аштым.  Көкөніс өсірумен айналысамыз отбасымызбен.  Биыл аудан әкімдігі 117 гектар жер бөліп, картоп отырғыздық. Болашақта құрал-жабдықтар, мал сатып алуды жоспарлап отырмыз. Маған бұл жердегі жағдайымыз ұнайды, егін егіп, мал асырап өмір сүруге қолайлы », - дейді ол.

Ағымдағы жылдың басынан бастап облысқа , Түркістан, Қызылорда облыстары мен Жамбыл, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларынан  1122 адам көшіп келген.

Мемлекет төлейтін субсидиялардан басқа, көшіп келгендерге басқа да көмек көрсетіледі: мысалы, ауылдық жерге көшіп барғанды әкімдік отынмен камтамасыз етіп, малға дейін берген мысалдар бар.

Сонымен қатар Түркістан облысынан келген қонақтар «Мәңгілік ел жастары - индустрияға!» - «Серпин-2050» жобасы бойынша аймақта оқитын Түркістан облысының студенттерімен кездесті.

Биыл «Серпін» бағдарламасы бойынша 77 түлек еңбек жолын біздің облыста бастады. Олардың бірі Елжан Биболов. Ол Өскеменде қалып жұмысын істеп, тұрмыс құрмақ.  Шәкәрім атындағы №1 технологиялық мектепте жұмыс атқарып жүрген Айханша Бөгенбайқызының да үлкен жоспарлары бар.

Түркістаннан келген делегация Шығыс Қазахстанда екі күн болып, Шемонаиха, Абай, Бесқарағай аудандары мен Семей қаласына барады. Қазір делегация Шемонаиха ауданында.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?