Шығыс Қазақстан облысының «Еңбек Күні»

Шығыс Қазақстан облысының «Еңбек Күні»

 

  Еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыру, өндірісі еңбегін мадақтау, жұмыс мамандықтарын насихаттау және жастарды өндіріс саласына тарту, жұмыс әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін күшейту, сонымен қатара Елбасының «Жалпы Еңбектік Қоғамы» Жалпыұлттық жоспарын іске асыру ойын қолдау мақсатында облыс аумағында Еңбек Күні мерекесін тойлау бойынша іс-шаралар өткізілуде.

  Ағымдағы жылдың сәуір айында «Жалпы Еңбек Қоғамы» атымен «Еңбек күні» мерекелеуге арналған нақты іс-әрекеттер мен іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. 2016 жылдың сәуір-қыркүйек айларында облыстың барлық өңірлерінде сенбіліктер ұйымдастыру бойынша «Еңбек» акциялары, «Жастардың жұмыспен қамтылуы» онкүндіктері, «Өз таңдауын» еңбек сабақтары өткізілді.

  2016 жылғы 27 қыркүйектеӨскемен қаласының Металлургтер мәдениет сарайында жалпы саны 500 адамды қамтитын «Еңбек күнін» мерекелеу облыстық іс-шарасы өтті. Бұл іс-шарада «Еңбек жолы – Трудовой путь» Республикалық конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылды.

  Конкурс үш номинация бойынша өтті:

- «Өндірістің үздік жас маманы» (жеңімпазы: Зикенов Асхат Аскарұлы «Казцинк» ЖШС)

- «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» (жеңімпазы: Рыльский Андрей Михеевич, «Азия Авто» АҚ);

- «Үздік еңбек әулеті» (жеңімпаздары: Филлипповтар әулеті «Өскемен ТМК» АҚ).

   Облыс бойынша үздік атануға  күшін салған 38 қатысушы.

  Конкурс жеңімпаздарын марапаттаумен қатар, Шығыс Қазақстан облысының жас таланттарының қатысуымен концерттік бағдарлама өтті.

 

   



Сіз кім болып жумыс істейсіз?