Скаков Мажын Канапинович – «Еңбек жастарының үздік тәлімгері»

Скаков Мажын Канапинович, 1952 жылы, Қатонқарағай ауданында тұған.

1975 жылы Томск политехникалық институтын, 1981 жылы Алматы қаласының Ядролық физика институтының аспирантурасын бітірген. Мажын Канапинович өз еңбегінің басым бөлігін ғылыми-педагогикалық ісіне, студенттерымен жұмысына арнаған.

1976 жылдан 2013 жылға дейін Өскемен жол салу институтында (Д. Серикбаев ат. Шығыс Қазақстан техникалық университеті), С. Аманжолов ат. Мемлекеттік университетінде әр түрлі қызметте жұмыс істеген.

2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Ядролық орталығының (ҚР ҰЯО) бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары болып жұмыс істейді, осы жылда Курчатов қаласы «Атом энергиясы институты» ҚР ҰЯО филиалында басшылық етті.

Жұмысын адал атқарады, үздік ұйымдастырушы, жастардың тәлімгері болып табылады. 350-ден астам ғылыми мақалардың, 4 монографиялардың авторы, өнертабыстарға 41 авторлық куәлігі, 59 мақалары жоғары рейтингке ие басылымдарды, 2 Хирш индексі бар.

М.К. Скаков – Отто-Фон-Гуэрике (Германия) материалтану Институтымен ғылыми жұмыстың үйлестіруші, БТМ-дің елдер баламалы энергетика мәселелерін шешудегі ғылыми жоба жетекшісі болып табылады.

Ақ пейілді, әдепті, бипаз, абыройлы және құрметті адам болу. Курчатов қаласы және облыстың өміріне белсенді қатысады.

Конденсаттық жағдайдағы физика мектебінің негізін қалаған, физика-математика ғылымының 20-дан астам кандидаттарын жеке дайындап, олардың дайындығына қатысқан. Соңғы үш жылда оның басшылығымен 7 PhD философия докторлары, оның ішінде ҚР Ядролық Ұлттық орталығының атом энергиясы институтының 4 қызматкерлері дайындалды.

Наградалары, грамоталары, алғыс хаттарыбар, бірінші дәрежедегі Құрмет төс белгісіне ие болған.

2017 жылғы 10 қазаннан 18 қазанға дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында конкурс қатысушыларына онлайн дауыс беру басталды.

Дауыс беріп біздің женімпаздарды қолдайық!

Дауыс беру сілтемесі: http://www.enbek.gov.kz/kk/node/346410



Сіз кім болып жумыс істейсіз?