Спорт- денсаулық кепілі!

     2017 жылы ақпан айының 7-інде «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлеккеттік Мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «боулинг» үйірмесінен ашық шұғылдану сабағы өтті. Ашық шұғылдану сабағының мақсаты қызмет алушыларды қоғамға кіріктендіру, спортқа бейімдеу, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру, патриоттық сезімдерін ояту.

     Қызмет алушылар екі жолақшаға бөлініп, әр топ өзінің  ұрандарын айтып, ойын барысында Алматы қаласында   өткен Қысқы Универсиада ойындарына  байланысты сұрақтарға да белсенді жауаптарын берді. Ойын соңында қазылар алқасы төрелігімен жүлделі орындар белгіленіп, қызмет алушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Боулинг үйірмесінің  өтуіне  ықпал етіп, ғимаратпен қамтамасыз етіп отырған «Battle» ойын-сауық орталығы қызмет алушыларға тәтті – дәмділерін ұсынып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ата-аналар орталыққа, ұйымдастырушы әлеуметтік қызметкерлерге жылы лебіздері мен алғыстарын айтты.

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?