Спорт пен үйірме жұмыстары

     Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылық, әрбір баласы – еліміздің ертеңі екенін ескерсек, әрбір мүмкіндігі шектеулі жандардың сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау міндетіміз болып табылады.

     «Арнаулы әлеуметтік  қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің көпжылғы жұмысы – мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға бейімдеуінің тиімді тәсілі оларды спорт пен үйірме жұмыстарына кіріктіру болып табылатыны екендігін көрсетті. Осы мақсатпен орталық мамандарымен үйірмелер өткізіледі. Олардың бірі «Ырғақ би» мен «Тренажер». Үйірмелердің басты мақсаты қызмет алушылардың бұлшық еттерін жетілдіру ғана емес, олардың психологиялық, эмоционалдық жағдайларын жақсарту. Спортпен шұғылданудың арқасында қызмет алушылар бір-бірімен араласып, өздерін қоғамға пайдалы екенін сезінеді. Кейбір қызмет алушылар өзіне жақын спорт түрін таңдап, еселеніп дайындалып, алдына мақсат қойып, жақсы жетістіктерге жетеді. Нәтижесінде спорттық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болады.