«Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жоба – 2016» конкурсының Шығыс Қазақстан облысында іске асырылуы туралы

«Қазақстанда іске асырылатын

үздік әлеуметтік жоба – 2016» конкурсының

Шығыс Қазақстан облысында іске асырылуы туралы

          2016 жылдың нарыз айынан бастап ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасымен халық және облыстың үкіметтік емес ұйымдары арасында кеңінен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді, ол: тұрақты негізде ШҚО әкімдігінің және басқарманың ресми сайттарында ақпарат жаңарту, облыстық телевиденияда жүгіртпе жол, сонымен қатар облыстық және өңірлік газеттерде хабарлама беру.

         Конкурсқа қатысу өтінімдері 2016 жылдың 1 тамызына дейін қабылданды. Үздік жобаларды таңдау үшін 2016 жылғы сәуір айында халықты әлеуметтік қорғау аумақтық департаменті, облыстық денсаулық сақтау, ішкі саясат басқармалары, ШҚО кәсіпкерлер палатасы және «Нұр Отан» партиясының филиалы өкілдерінің арасынан облыстық комиссия құрылды.

         Үздік жобаларды таңдау бойынша облыстық комиссия отырыстары 2016 жылдың 5 және 10 тамыздарында өткізілді.

         Ағымдағы жылы облыстың деңгейде 8 жоба өтінім жасап, оның ішінде 1 жоба бастамасының кейінге шегерілуіне және көрсетілімге дайындығының мүмкін болмауына байланысты конкурстан алынды. Екі отырыста 7 жоба көрсетілемге қатысты:

  1. «Асыл» қоғамдық бірлестігі – «Мейірім» жобасы;
  2. «Дара» Жеке меншік қайырымдылық  қоры – «Өскемен қ. Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетін ашу» жобасы;
  3. «Шығыс Қазақстан облыстық «Экокелісім» халықтың денсаулығын және экологияны сақтауға әрекет ету қауымдастығы» - «Армысың, менің бақытым!» жобасы;
  4. «Алтын-ай» мүгедек әйелдер қоғамдық бірлестігі - «Мы вместе – сила!» жобасы;
  5. Задесенец Лионелла Владимировна, жарқын зейнеткерлер клубы – «Золотой возраст» жобасы;
  6. «Ерекше бала» Қоғамдық бірлестігі – «Әмбебап киіз» жобасы;
  7. «Аягөз мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі – «Қоғамдық бірлестік аумағындағы шағын жылыжай».

Қатысушылармен барлық жобалар көрсетілгеннен кейін комиссия шешімімен республикалық көрмеге 2 жоба дайындалады, ол: Семей қаласының «Мейірім» жобасы және Аягөз аудынының «Қоғамдық бірлестік аумағындағы шағын жылыжай» жобасы. Аталған жобалар конкурс нәтижесі бойынша ең жоғары баллдар жинаған, яғни 349 және 346 балл.

Облыстық комиссияның отырыстары және жобалар көрсетілімдері республикалық және облыстық бұқаралық ақпараттар құралдары арқылы жарықтандырылды. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен «Казцинк» ЖШС демеушісі атынан 800,0 мың теңге сомаға бағалы сыйлықтар ұсынылды. 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?