Тұрғын үй көмегін көрсету жөнінде дөңгелек үстел

    2017 жылдың 9 ақпанында «ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ғимаратында ағымдағы жылдың 31 қаңтарыңдағы Мемлекетіміздің Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының шеңберінде «Теплокоммунэнерго» МКМ қызметкерлерінің қатысуымен тұрғын үй көмегі және Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламсын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өтті.

     Осы іс-шараға Семей қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасының өкілдері, жергілікті полиция қызметкерлері және «Теплокоммунэнерго»  МКМ тексерушілері қатысты.

       Кездесу барысында әлеуметтік салаға және жұмыспен қамтуға байланысты сұрақтар қойылды.

    «Теплокоммунэнерго» МКМ жұмысшыларына тұрғын үй көмегін көрсетудің шарттары түсіндірілді, барлық қойылған сұрақтар мен ұсыныстарға толық жауап берілді.

 

 

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?