Туған тілге тағзым

    «Семей қаласының зейнеткерлерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» КММ-де Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған  «Туған тілге тағзым» атты мерекелік іс- шара  өткізілді.

     Қазақ тілі – шексіз бай, өте көркем тіл. Тіл қай ұлтта болса да, қай елде болса да қастерлі де, құдіретті.

     Мерекелік іс- шараның мақсаты: мемлекеттік тілге деген қызығушылықты, туған елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, қазақ тілін жоғары биіктен көрсету, ата- анамен тығыз қарым- қатынас орнату.

      Сайыс түрінде өткізілген мереке 5 кезеңнен тұрды. Әр бөлімшеден әлеуметтік қызметкер және қызмет алушылардың ата-аналары қатысты. Әр кезеңнің шарттары түсіндіріліп, қазылар  алқасы сайланды. Тілге байланысты  мақалдар айтылып, Қазақстанға байланысты сұрақтар қойылды. Ал  «Полиглот» кезеңінде сайыскерлер үш тілді меңгергенін көрсетті. Қатысушылар  Тәуелсіз Қазақстанда  тұратын ұлттардың  ән мен биін, салт - дәстүрін көрсетіп, өз өнерлерін ортаға салды.

     Кеш соңында қазылар алқасы қатысушыларды марапаттап, жақсы өнер көрсеткендері үшін орындар тағайындады. Тіл мерекесіне байланысты өткізілген іс-шара көпшіліктің көңілінен шықты.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?