Уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға өткізілетін жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 070002, Өскемен қаласы, Киевская көшесі 1, анықтама телефондары/факс: 8(7232)75-32-22, 75-40-43, oblzan@socialvko.gov.kz электрондық мекенжай, «Б» корпусына уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. Көші-қон бөлімінің басшысы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне), D-О-3 санаты (1 бірлік) жұмыс өтіліне байланысты 109932 теңгеден 148242 теңгеге дейін лауазымдық жалақысымен. 

Функционалдық міндеттері: «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңының оралмандар иммиграциясы, оралмандармен жұмыс жөніндегі бөлімін іске асыру. Көші-қон удерістерін үйлестіру және мониртрингілеу. Этникалық және еңбек миграциясы мәселелерін жүзеге асыруды бақылау. «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша іс-әрекеттену тиімділігін бағалау бойынша көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты мониторингілеу және қамтамасыз ету. Шетелдік жұмыс күшін тарту және оралмандардың мәртебесін беру. Көші-қон бойынша уәкілетті органға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота бойынша ұсыныстар енгізеді, рұқсат құжаттарын береді, қайтарып алады, есептерін тапсырады. Оралмандардың бейімдеу және кіріктіру, уақытша орналастыру орталықтарының қызметін ұйымдастырады.  Құзыреті шегінде сұранымдар мен өтініштердің уақтылы және сапалы орындалуына, бақылау жасау, облыс әкімінің тапсырмаларын, жоғары ұйымдардың актілерін орындауды қамтамасыз ету. Басқарма басшылығы өз құзыреті шегінде жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға білімі бойынша қойылатын талаптар: «Гуманитарлық ғылыми»  саласы, немесе білім саласындағы мамандықтар (орыс тілі және әдебиет, шетел тілі, тарих, қазақ тілі және әдебиет, педагогика және психология), немесе әлеуметтік ғылыми, экономика және бизнес саласындағы мамандықтар (социология, еңбек ұйымдастыру және нормалау, экономикалық, қаржылық, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару), немесе құқық саласындағы мамандықтар (заңгерлік), немесе қызмет көрсету саласындағы мамандықтар (әлеуметтік жұмыс) бөлімдерінің  мамандықтары бойынша жоғары білімімен.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

1) мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың

мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары;

3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес, облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

4) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай келуі тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;
4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;
5) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.

    Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарын «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына» қолма-қол тәртіпте, не почта арқылы, не oblzan@socialvko.gov.kz электрондық почта мекенжайына электронды түрде, не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы келесі құжаттарды тапсырады:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2)  3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi немесе көшірмелер түпнұсқалармен салыстыру үшін;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi немесе көшірмелер түпнұсқалармен салыстыру үшін;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі) немесе көшірмесі түпнұсқамен салыстыру үшін;

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі) немесе көшірмесі түпнұсқамен салыстыру үшін.

 

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін 1 (бір) жұмыс күні бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында өтеді.

Жұмыстың айқындылығын қамтамасыз ету үшін конкурстық комиссиясының отырысына қадағалаушылар шақырылады.

Қазақстан Республикасының Парламент депутаттары және барлық деңгейдегі мәслихат өкілдері, ақпарат құралдар өкілдері, аккредиттік тәртіпте, Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тәртіпте, басқа мемлекеттік органдар, біріккен қоғамдық (үкіметтік емес ұйымдар), коммерциялық ұйымдар және саяси партиялар, уәкілеттік органдардың қызметкерлері конкурстық комиссиясы отырысының қадағалаушылары ретінде қатыса алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында конкурс өткізілетіндігі туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күннің ішінде Өскемен қаласы, Киевская көшесі 1, 209 кабинетке тапсырылуы тиіс.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне 5 (бес) жұмыс күн ішінде шағымдана алады.

Жалпы конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

 

            Анықтама телефоны: 8 (7232)75-32-22, s.abakova@akimvko.gov.kz

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?