Усть-Таловка кентінде «Уба» шипажайы филиалының салтанатты ашылуы

Усть-Таловка кентінде «Уба» шипажайы

филиалының салтанатты ашылуы

 

            «Уба» шипажайы Өскемен қаласынан 80 шақырым жерде Шемонаиха ауданының Выдриха ауылыгдағы Уба өзенінің бойында орналасқан. 2002 жылдын бастап жұмыс істеп келеді. Мекеменің жалпы емдеу кешенінде табиғи факторлар (ем батпағы) және климаттық емдеу кеңінен қолданылады, емдік терренкурлар ұйымдастырылған, шипажайда емдеу-диагностикалық кабинеттер бар: массаж, ЛФК, физиялық емдеу, физиялық массаж, ингаляторий. 200 орынға дейін орналастыруға мүмкіндігі бар. Жыл сайын онда 4600 ардагерлер мен мүгедектер өз денсаулықтарын жөндей алады.

          2015 жылғы 16 қазандағы«Мейірімділік» айы аясында Шемонаиха ауданының Усть-Таловка кентінде «Уба шипажайының қосымша 50 орынға филиалын ашу салтанатты іс-шарасы өтті. Ол қосымша жылына 1150 адамды қамтуға мүмкіндік береді. Ғимарат «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-нің бұрынғы профилакториі болып табылады. 2014 жылғы 10 шілдеде ақысыз негізде бюджетке берілген болатын. Филиалдада сол емдеу процедуралары қолданылатын болады.

          Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұқтарханов А.М, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы А.Е. Садықова, Шемонаиха ауданының әкімі А.Ж. тоқтаров қатысты, сонымен қатар ауданның құрметті тұрғындары, мекеменің қызметкерлері және БАҚ өкілдері.

          Шара құрметті қонақтардың құттықтау сөздерінен басталды. «Сарбаздар» тобының «Батырлар ұраны» атты және Родион Немцевтың орындауында «Родина моя» әндері орындалды. Мерекелік фанфар әуенімен лентаны кесу рәсімі өтті. Барлық қонақтар үшін ғимарат бойынша экскурсия жасалып, кабинттермен таныстырылды. Филиалды ашу салтанатына шағын концерт ұйымдастырылды.

          Аталған мекеменің кеңеюі шипажайға деген кезекті қысқартып, ардагерлер, мүгедектер және зейнеткерлер арасынан көбірек адамға қалыпқа келтіру емдеу курстарынан өтуге мүмкіндік береді.

           

 

 

 

 

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?