Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша «Бағдарламаның жаңа құралдары мен тәсілдері» туралы 2017 жылдың 14 шілдесінде Өскемен қаласында ақпараттық-насихаттық семинар өткізілді

Ақпарат құралдарына

ПОСТ-РЕЛИЗ

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың

2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша

«Бағдарламаның жаңа құралдары мен тәсілдері» туралы

2017 жылдың 14 шілдесінде Өскемен қаласында

 ақпараттық-насихаттық семинар өткізілді

 

Семинарды ұйымдастырушылар ретінде «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесі және ИП РИДЕС выступили

Семинарға қатысқандар ауылдық округтердің әкімдері, облыстың қалалары және аудандарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар болімдерінің, жұмыспен қамту орталықтарының басшылары мен мамандары, микроқаржы ұйымдарының өкілдері.

 

СЕМИНАРДА КЕЛЕСІ СҰРАҚТАР ҚАРАСТЫРЫЛДЫ:

 

v «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау»

v «Жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту»

v Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда бағдарламаға қатысушылар үшін микрокредит ұсыну тетігі

v Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредиттерге кепілдік беру тәртібі

v Қалаларда бағдарламаға қатысушыларға микрокредиттерді және кепілдіктерді беру тәртібі мен шарттары

v «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және бизнес жобаларды сүйемелдеу қызметері  

v Мемлекеттік қолдау шаралары арқылы еңбек нарығын дамыту

v Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру  

Кіріспе сөзбен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Е.В. Старенкова семинар қатысушыларына сөз сөйледі.

Ол 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда кәсіпкерлік негіздеріне және сұранысқа ие мамандықтар бойынша жаппай оқыту және дағдыларды сіңіру, кредит арқылы жаппай кәсіпкерлікті құруға жағдай жасау, еңбек ұтқырлығын қолдау және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамытуды қамтамасыз ететін Натижели жумыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы (әрі қарай - бағдарлама) іске-асырылуда екенін атап өтті.

Баяндамашылар білім басқармасының өкілдері, ШҚ Кәсіпкерлер палатасы, «АШҚҚҚ» ШҚФ АҚ, ШҚО бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалы, ШҚО бойынша «ҚазАгроКепіл» АҚ өкілдігі, «ДАМУ» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» ШҚФ АҚ семинар барысында, бағдарламаның барлық бағыттары Ережелерін іске-асыру бойынша материалдарын ұсынды.

Бағдарламаның бірінші бағыт шеңберінде ең алдыменмектеп бітіргеннен кейін оқу орындарына түсе алмаған жастарға, колледж негізінде 2,5 жыл оку мерзімімен тегін кәсіптік техникалық білім ұйымдастырылатын болады. Осы жылы техникалық және кәсіптік біліммен 1730 адам жас шығысқазақстандықтар қамту жоспарланған.

Мемлекет техникалық және кәсіптік білім ұйымдарында оқитындарға оқу шығындарын толық жабады, стипендия төлейді, тұруға және жол жүру шығынын жабады, сондай-ақ бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз ететін болады.

Бұдан басқа, колледж негізінде, оқыту орталықтарында қысқа мерзімді            (1 ден 6 айға дейін) кәсіптік оқулар откізіледі.

Алыс ауылдық елді мекендерде тұратын азаматтарға оқуға қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін, 2 мобильді оқыту орталықтары ұйымдастырылған.

Бағдарламаның екінші бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша  қалаларда бағдарламаға қатысушылар үшін кредиттер «Даму» қорымен, ал ауылдарда және шағын қалаларда Ауыл шаруашылықты қолдау қоры және Аграрлық несие корпорациясы арқылы беріледі. Берілетін кредит соммасы 8 мың ТЕК дейін өседі (18 млн. тенге дейін) 5 жылға дейінгі мерзімге (малға және ауылшаруашылық кооперативтеріне – 7 жылға дейін) және 6% жылдық мөлшерлемесіне дейін. Аграрлық несие корпорациясы арқылы алған кредиттерді кіпілдеу тетігі енгізілген: ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге 85% және  Жұмыс істеп жүрген кәсіпкер үшін кепілдік мөлшері 50%.

Бағдарламаның үшінші бағыты жекелеген азаматтарға жұмысқа орналастыруда адрестік қолдауды күшейту қарастырады, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру және еңбек нарығында инфрақұрылымды дамыту.

Жастар,  әйелдер және мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасындағы сұранысқа ие жастар іс-тәжірибесі, әлеуметтік жұмыс орындар және қоғамдық жұмыстар сияқты құралдарды пайдалану жалғасады. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру үшін ҚР Үкметі анықтаған аймақтарға өз еркімен қоныс аударғандарға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қарастырылған. Атап айтқанда, бастапқы бейімделу және жол жүру, жүкті көшіру шығындарын жабуға қаражатпен қамтамасыз етіледі.

Осы жылы (2017 жылы) бағдарламаны іске асыру үшін бюджет шығыны  7 226, 1 млн. тенге құрайды. Бағдарламаны іске асыру шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді іс-шараларына облыс бойынша 14674 адамды қамту жоспарланған.

         Жұмыс барысында сондай-ақ Бағдарламаны іске-асыруда қатысатынқұрылымдармен ведомствалардың байланысы туралы сұрақтар қарастырылды. Жұмыспен қамту қызметінің, шағын несие ұйымдарының мамандарына тұрғындармен, ұйымдармен, және жұмыс берушілермен тиімді жұмыс жасауды тусіндіру. Сұранысқа ие кәсіптерге және дағдыларға оқыту, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, еңбек делдалдығының тиімді моделін құру арқылы еңбек ресурстарының сапасын және әлеуетінарттыру.

         Соңында семинарға қатысушылармен сауалнама жүргізілді.

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?