Облыс әкімі Аягөз балалар ПМӘ мекемесінде.

Облыс әкімі Аягөз балалар ПМӘ мекемесінде.

 

2014 жылдың 3 шілдесінде ШҚО әкімі іс сапармен Аягөз ауданына келіп қайтты. Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев пен Аягөз ауданының әкімі Нұрбол Жолдаспекұлы Нұрғалиевпен бірге Аягөз балалардың психоневрологиялық медициналық- әлеуметтік мекемесін аралады. Облыс әкімі мекеменің өмірімен танысып, біздің мемлекетіміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты саясатының іске асып жатқандығын  аса қызығушылықпен тыңдады. Мекеме директоры Қайрат Әбілкәрімұлы Темірханов қонақтарға мекемедегі мамандардың бөлмелерін; дефектологтардың, логопедтің, психологтың, еңбекке баулу нұсқаушыларының, тәрбиеленушілердің жатын және ойын бөлмелерімен таныстырды.

 

Облыс басшысы тәрбиеленушілермен, қызметкерлермен жарқын әңгімелесіп, балалардың шығармашылық жұмыстарымен танысты. Мекеменің әр бұрышына сән беріп тұрған балалардың еңбектерін көріп, асхананы аралап көрді. Кездесу барысында мекеменің мәжіліс залында ПМӘМ қызметкерлерімен әңгімелесіп, әлеуметтік саладағы жұмыстың ауырлығы мен маңыздылығын атап өтті. ҚР Президентінің Жолдауындағы міндеттердің орындалуын баса айтты. Бердібек Мәшбекұлы мекеме қызметкерлеріне осындай сауапты еңбектері үшін, тәрбиеленуші балаларға аса қамқорлықпен қарағандары үшін алғысын айтып, мекеме жұмысының жоғары деңгейде екендігін атап көрсетті.

  

Сонымен бірге, облыс басшысы мекемедегі шешілмей жатқан мәселелерге де қызығушылық танытты. Бірқатар мәселелерді шешуге көңіл бөлетіндігін; мекемені кеңейтуге күш-жігерін салатындығын атап көрсетті.

 

ПМӘМ қызметкерлері өз тараптарынан Астана күні қарсаңында келген облыс әкіміне рахметтерін айтып, Бердібек Мәшбекұлына мемлекетіміздің гүлденуі жолында жетістіктерге жетіп, денсаулығының мықты болуына  тілек білдірді. 

 

 

 

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?