КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУІ

 

КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУІ

 

 

2014 жылғы 22 мамырда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.М. Сапарбаевтың көп балалы аналармен кездесуі өтеді.

Кездесуге төрттен көп бала тәрбиелеген, үкіметтік наградалармен, «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған 37 әйел адам қатысты. Үлкендер ұрпағының үлгісін өте маңызды ететін жас жұбайлар залына келіп отырғандар үшін бұл кездесу ерекше маңызға ие болды.

Барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар ішіндегі ең маңыздысы отбасын нығайту, әйел анаға, еліміздің әр азаматы өсіп жеткен үйге деген құрмет болып табылады.

Облысымызда «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған 16,9 мың көп балалы ана тұрады. Бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балаларды 7700 шығысқазақстандық әйел өсіріп, тәрбиелеп отыр. Жыл сайын 8 наурыз әйелдер күніне орай жергілікті бюджет қаражаттары есебінен 10 мың теңге мөлшерінде жалпы сомасы 247,5 млн теңге сомада біржолғы материалдық көмек беріледі.

Білім басқармасы тарапынан 8 жыл бойы «Аджип Казахстан» компаниясының шақыруы бойынша көп балалы аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар Италияға демалуға барады.

Соңғы 7 жылы бойы «Благовест» қоры және оның Президенті біздің жерлесіміз З.Ф. Драгунковамен ынтымақтастық ету арқасында 116 жетім бала мен аз қамтылған отбасылардан шыққан бала Ресейдің үздік сауықтыру орталықтарында дем алды.

Ай сайын үздік оқушылар, түрлі олимпиадалар жеңімпаздары ішінен, оның ішінде көп балалы отбасылардан 23 мектеп оқушысы Щучинск қаласындағы жыл бойы қызмет ететін «Балдаурен» лагерінде дем алып, оқытылды.

Шығыс Қазақстан да қалыс қалмауға тырысуда. Ағымдағы жылғы тамыз айында Шульбинск кентінде осыған ұқсас жыл бойы қызмет ететін лагерь ашуды жоспарлап отырмыз, ол жер ай сайын 120 баланы қабылдайды.

Статистика деректерінің маңызды бір фактісі – облыста туып көбеюшілік байқалуда. 2013 жылы 22,9 мың бала дүниеге келді, бұл 10 жылдан бері 15%-ға артық.

Біздің әйелдеріміз үшін тағы бір жақсы жаңалық. Облыстық мәслихат мынадай шешім қабылдады – төртінші бала туған әр ана ағымдағы жылы 50 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек алады.

Кездесуге қатысып отырғандар арасында Риддер қаласынан Меруерт Саматовна Исаева бар. Меруерттің айтуынша бірінші баласы 10 жыл бұрын дүниеге келді. Отбасылық кеңесуде үлкен және тату отбасы болу керек деген шешім қабылданды. Бүгінгі таңда Меруерттің отбасында Рамазан, Нұрәлі, Юсуфжан және Райымбек атты төрт ұл өсіп келеді. Осы жылы «Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бұл отбасына 3 бөлмелі пәтер берілді.

Үржар ауданынан Надежда Федоровна Симахина 7 бала тәрбиелеп отыр. Надежда Федоровнаның 9 немересі және бір шөбересі бар. Үш қызында және ұлында хореографиялық білімі бар. Станислав атты ұлы аудандық мәдениет үйінде фольклорлық ансамбль құрды. Татьяна атты қызы № 20 Байтұрсынов атындағы орта мектепте жұмыс істейді. Халықаралық фестивальдардың қатысушысы, қалалық би конкурсының бірінші приз жүлдегері.

Зайсан қаласынан келген Бибәтіш Рахимжанова 82 жаста. Бибәтіш апайдың балалық шағы соғыс жылдарына келіп түсті. Тыл еңбеккері, құрметті әйел, тұрмысқа 1949 жылы шықты, 8 бала өсіріп жеткізді. Барлығы еліміздің үздік, нақты азаматтары. 24 немересі және 6 шөбересі бар. «Ана даңқы» медалімен марапатталған.

Қатысушылар арасында - Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылынан Шынаргуль Алханова келіп отыр. 38 жыл педагогикалық стажы бар. Шынаргульдың 6 баласы және бес немересі бар. Балаларының барлығы жоғары білімді. Зейнеткерлікке шығуымен шаруашылық қожалығын басқарып, бүгінгі таңда Үлкен Нарын ауылында 15 отбасын жұмыспен қамтып отыр.

Қатысушылар шәй ішу үстінде өткен жылдарды еске алып, балаларының жетістіктері мен сәтсіздіктері туралы, өмір сүріп жатқан елдегі және әлемдегі жағдайлар туралы әңгімелесті. Кездесу соңында барлық қатысушыларға сыйлықтар табыс етіліп, естелікке суретке түсті.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?