Халықаралық қарттар күні

     Халықаралық қарттар күні - бұл аталар мен апалардың, ата-аналардың, бір-бірінің қадірін білетін жақын адамдардың мерекесі. Бұл - жан дүниенің жомарттығы мен адамдық даналықтың, азаматтықтың кемел шағына деген құрмет. Ардагерлер қажеттілігінен алшақ қалмай, үлкендерге құрмет көрсету халықтың мәдениеттілігін сипаттайтын негізгі белгі. Халқымызда «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөз бар.

     Осы күндері облысымызда 225 мыңнан астам зейнеткерлер құттықтаулар алады.

     Үлкен жастағы адамдардың күндері жақсы болу үшін облыста бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Қарттарға арналған 8 медициналық-әлеуметтік мекемелер қызмет етіп, онда 1125 егде жастағы адамдар қызметтер алуда. Үкіметтік емес ұйымдар арқылы 725 зейнеткерлер, үйлерде аумақтық арнайы қызметтер көрсету бойынша орталықтар арқылы 4624 адам арнайы әлеуметтік қызметтер алады. 250 орынға арналған «Уба» шипажайы тиімді жұмыс істейді. Онда жыл сайын 5750 ардагерлер мен мүгедектер өз денсаулықтарын түзей алады.

     Жас ұрпақтың басты мақсаты ешбір зейнеткердің ұмыт қалмауы болып табылады. Осы орайда, ағымдағы жылдың 1 қазанынан 1 қарашаға дейін облыста қарт адамдарды қолдау бойынша «Мейірім» айлығы жарияланды. Бұл біздің облысымыздың соғыс ардагерлеріне, еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлерге және мүгедек жандарға жан-жақты материалдық көмек пен қолдау көрсету бойынша дәстүріміз.

     Іс-шараларға барлық нысандағы мемлекеттік органдар, кәсіпорындар мен ұйымдар, кәсіпкерлер, қоғамдық, діни бірлестіктер қатысуда. Қалалар мен аудандарда қарттар мен мүгедектерді қолдау бойынша шаралар, концерттер, басшылар көмегі өтуде.

     2016 жылғы 5 қазанда  Сол жағалаудағы кешенде («Этнографиялық саябақ», ақ киіз үй) Халықаралық қарттар күніне арналған облысымыздың ардагерлерімен ресми кездесу өтті. Кездесуге қатысушыларға концерт өткізілді, бағалы сыйлықтар берілді және салтанатты түскі ас ұйымдастырылды.   Қатысушыларды Шығыс Қазақстан облысының әкімінің орынбасары Жақсылық Мұқашұлы Омар құттықтады. Ресми бөлігіне дейін қатысушылар саябақ аралады, мұражайға кірді.

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?