Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде 20 жыл

Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік бағытындағы басты мекемелердің бірі «Риддер психоневрологиялық медициналық әлеуметтік мекемесі» КММ, 20 жыл көлемінде тәжірибелі басшы Олег Алексеевич Солонников басқарып отыр.

         Олег Алексеевич 1957 жылы 28 тамызба Талдықорған облысы, Сарқанд ауданы, Тополевка ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: инженер-технолог (Сібір Технологиялық Институты, Красноярск қ., 1989 жыл) және әлеуметтік қызметкер (Шығыс Қазақстан облысының өңірлік университеті, Өскемен қ., 2013 жыл).

         Еңбек жолын 1975 жылы «Лениногорсксвинецстрой» кәсіпорынында бірінші санатты жұмысшы ретінде бастаған, 1976-1977 жылдары 14035 әскери бөлімінің ағаш өңдеу цехында шебер болып жұмыс атқарған. 1977 жылдан 1979 жылға дейін Кеңес әскерінде қызметін өтеген. Әскери қызметтен кейін  «Лениногорсксвинецстрой» кәсіпорынына төртінші санатты столяр-станочник қызметіне келеді. Артынан 1980 жылы ағаш цехының шебері болып ауыстырылады. 1980 жылдан 1988 жылға дейін өндіріс цехының басшысы ретінде тағайындалды. 1988 жылдан 1996 жылға дейін «Лениногорсксвинецстрой»кәсіпорынында директор орынбасары қызметінде болды.

         1996 жылғы 26 тамызда ШҚО бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Риддер психоневрологиялық медициналық әлеуметтік мекемесі» КММ-не директор қызметіне тағайындалды.

         Медициналық әлеуметтік мекеме 1972 жылы 28 желтоқсанда ашылып, егде жастағы 360 адамға арналған қартар мен мүгедектер үйі ретінде қызмет етті. 1982 жылы мекеме қайта құрылып, «720 орынға арналған Лениногорск мүгедектер мен психохрониктер үй-интернаты» деп аталды.

         Мекеменің басты тіреуіші болып, физикалық, эмоционалды жақтан қиын жағдайларда Солонников Олег Алексеевичтің бастамасымен қызмет ететін адамдар болып табылады.

         20 жыл көлемінде Олег Алекссевич әлеуметтік саланың және арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелерді шешу бойынша көптеген жұмыстар атқарды. Қызмет алушылар өмірін жақсартуға көп көңіл бөледі. Мекемені облыс пен қалада қазіргі танымал келбетін келтіруге көп күш жұмсады.

         Қазіргі таңда медициналық кабинеттер заманға сай құрылғылармен жасақталған, клиникалық-диагностикалық лаборатория бар, тіс, физиотерапия кабинеттері, массаж кабинеті, ЛФК, еңбек терапиясын жүргізу кабинеті, концерттер мен мәдени шараларды өткізуге арналған 150 орынды акт залы бар. 17 га көлемінде мекеме алды жері бар, онда гүлдер мен көкөністер өсіріледі.

         Еңбек ету жылдары О.А. Солонников Риддер қалалық мәслихатының депутаты болып 13 округ бойынша екі мәрте сайланды, өз білімі мен тәжірибесін Риддер қаласының дамуы мен өркендеуіне жұмсады. Ұжымның лидері болып, еліктеуге үлгі болады, әріптестері мен қала тұрғындары арасында беделді адам.

         Еңбек ету жылдары:

         2002 жылы – ҚР Тәуелсіздігінің 10-жылдығына мерейтойлы медалі;

         2006 жылы – ҚР Президентінің алғыс хаты;

         2011 жылы - ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығына мерейтойлы медалі;

         2011 жылы - ҚР Президентінің алғыс хаты;

         2012 жылы – ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының мадақтамасы;

         2013 жылы – Мемлекеттік, банктің мекемелердің қызметкерлерінің кәсіподағы және қоғамдық қызмет медалі;

         2013 жылы – Риддер қала әкімінің мадақтамасы;

         2013 жылы  Риддер ардагерлер кеңесінің мадақтамасы.

         О.А. Солонников бастаған медициналық әлеуметтік мекеменің ұжымы салауатты өмір салтын насихаттап, қоғамдық және мәдени шараларға белсенді қатысады.

         Елена Васильевна Старенкова бастаған облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтікбағдарламаларды үйлестіру басқармасы Сізді өз жұмысыңызға жауапты, кәсіби қатынасыңыз, әлеуметтік жүйені жетілдіруде көмек көрсеткеніңіз үшін алғыс білдіреді.

         Сізге мықты денсаулық, бақыт және жаңа еңбек табыстарын тілейміз!

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?