Әлеуметтік қорғаудың ертеңгі күні

 

 

 

Әлеуметтік қорғаудың ертеңгі күні

 

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы ҚР заңнамасын жетілдірудің негізгі бағыттары

 

Жуық арада Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы ҚР заңнамасын 7 негізгі бағыттар бойынша жетілдіру көзделуде

 

  1. Кадрлардыдаярлау және қайта даярлау жүйесін жетілдіру
  2. Еңбек қауіпсіздігі мен сақтаудыбасқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар кешені
  3. ҚР көші-қон саясатын жетілдіру тұжырымдамасы
  4. Азаматтық қызметшілердің еңбекақы төлемінің жаңа моделі
  5. ҚР зейнетақылық жүйесін одан әрі жетілдіру тұжырымдамасы
  6. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру сапасын арттыру
  7. Әлеуметтік көмек жүйесін дамыту («Өрлеу» пилоттық жобасы»)

 

  1. Кадрлардыдаярлау және қайта даярлау жүйесін жетілдіру

 

Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету

 

         2011 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы іске асырылып жатыр. Бағдарламаның мақсаты болып Жұмыспен тұрақты және нәтижелi қамтуға жәрдемдесу болып табылады.

         Бағдарлама дағдарысқа қарсы ден қою тетіктерін, еңбек нарығын реттеудің тиімділігін арттыру, оның ішінде еңбек нарығын болжау және мониторингін жүргізу, табысы аз, жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту тетіктерін қамтиды.

         Бағдарламаны іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1. инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету.

Инфрақұрылымды жобаларды іске асыру кезінде ел ішіндегі ауыл шаруашылығында қосымша 47,7 мың жұмыс орындарын құру көзделіп отыр. 3349 жобаны іске асыру жоспарлануда.

2. ауылдағы жеке кәсіпкерлік бастаманы қолдау және тірек ауылдарды кешенді дамыту есебінен ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу арқылы жұмыс орындарын құру.

Республика бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 27 мыңнан астам адам оқытылды. Микрокредитті 23 мың Бағдарламаға қатысушы алды.Микрокредит алғандар санынан 16 мыңы адам өз істерін ашты және қосымша 20 мың жұмыс орны құрылды.

  1. 1.    жұмыс берушінің нақты сұранысын есепке ала отырып, оқыту және жұмысқа орналастыруға және қоныс аударуға жәрдемдесу.

115 мыңнан астам адам оқып жатыр, әлеуметтік жұмыс орындарына 83 мың адам жіберілді, жастар іс-тәжірибесіне 57 мың адам қатысты.

 

Жаңа генерацияның еңбек ресурстарын қаржыландыру жолымен жұмыспен қамтуды қамсыздандыру

 

     Еліміздің 2050 жылға дейін стратегиялық дамуының және Қазақстанның дүниежүзіндегі 30 ең дамыған мемлекеттерінің санына кіру тұжырымдамасының негізгі бағыттарының бірі еңбек өндірісінің өсуі болып табылады.

Кадрларды даярлау жүйесі тиімді жұмыс істеуі үшін кем деген де екі  шарт қажет – білімнің жұмыс берушілермен тұрақты өзара іс әрекеттесуі мен іс-тәжірибелі және сұранысқа ие дағдылар мен кұзыреттіліктерді ұсынуға білімдік үдерісті бағыттау.

Осыған орай, кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін жетілдіру басталды, оған 5 негізгі элемент кіреді.

1. Қызметтер жіктеуішінің жүйесін жетілдіру

 Жаңа қызметтер жіктеуіші немістер көзқарасының негізінде әзірленуде және бизнес пен білім жүйесі үшін бірыңғай тіл болып қалады. Ол қызметтерді бірінші кезекте салалық белгі бойынша бөлуді көздейді, онда қызметтер бір кәсіби топта біртектес ретінде белгіленеді.

2. Қызметтердің нақты түрлері бөлінісінде кадрлар қажеттілігін белгілеу және болжау жүйесін құру

Білімдік тапсырыс нақты еңбек нарығының сұранысынан қалыптасады.

Ол үшін кадрларға қажеттілікті белгілеудің жаңа әдістемесі әзірленді. Ол мыналардан тұрады:

- макроэкономикалықдеректер негізінде жұмыс күшіне сұранысты болжау

- салалар бөлінісінде экономика салалары мен мамандықтар бойынша жұмыс күшіне сұранысты болжау

- жұмыс берушілердің сауалнамасы негізінде жұмыс күшіне сұранысты болжау

3. Кәсіби стандарттарды әзірлеу. Оларбизнес  қызметтерінің нақты түрлеріне талаптар эталонына айналады. Кәсіби стандарты маманды даярлауға техникалық тапсырма ретінде болады. Екінші бесжылдықтың соңына дейін кәсіби стандарттар қызмет етудің барлық негізгі салаларына енгізіледі. Оның негізінде білім жүйесі де қайта қалыптасатын болады.

4. Кәсіби стандарттар білімдік бағдарламалар мен оқулық-әдістемелік базаны әзірлеудің және жаңартудың негізі болады. Бүгінгі таңда Білім министрлігі кәсіби стандарттар базасында әзірленген жаңа оқулық бағдарламалар негізінде жобалар үшін кадрлардың даярлығын жүзеге асыратын 10 ЖОО мен 10 техникалық колледждерді белгіледі.

5. Тәуелсіз бағалау мен біліктілікке иелендіру жүргізу

Жұмыс берушілердің тікелей қатысуымен тәуелсіз сертификациялау және білімді бағалау кадраларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің маңызды элементтері болады.

 

2. Еңбек қауіпсіздігі мен сақтаудыбасқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар кешені

        

         - Жұмыс берушілердің еңбек қауіпсіздігі мен сақтау ережелерін сақтауын қамтамасыз ету еріктілігін ынталандыру мақсатында пилоттық режимде Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы және Қызылорда облыстарында жұмыс берушілердің мемлекеттік еңбек сақтау стандарттарына сәйкестігіне еркін мәлімет беру практикасы енгізілуде. Сертификат алған жағдайда бұл кәсіпорындарды соңғы 5 жыл ішінде еңбек инспекторлары тексермейді

         - жұмыс берушілер жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелерімен расталған зиянды еңбек жағдайларын болдырмаса – заңнамада міндетті кәсіби зейнетақылық жарналарды    қызметшілердің пайдасына аудармау құқығы көзделген.

 

3.ҚР көші-қон саясатын жетілдіру тұжырымдамасы

 

Көшi-қон саясатының мақсаты –

1. көшi-қон процестерiн басқару тұрақты демографиялық дамуды қамтамасыз ету елiмiздiң мемлекеттiк қауiпсiздiгiн нығайту және көшiп-қонушылардың құқықтарын іске асыру үшін жағдай жасау.

2. көшiп-қонушылардың құқықтарын сақтау мен қорғауға, оларды нәсiлдiк, ұлттық, тiлдiк белгiлерi, шығу тегi, дiни нанымы, саяси сенiмi, белгiлi бiр әлеуметтiк топқа жататындығы бойынша кемсiтушiлiкке жол бермеуге;

      көшi-қон процестерiн және халықаралық мiндеттемелердi реттеу саласында заңдардың ережелерiн орындауды қамтамасыз етуге;

      жеке адам мен мемлекеттiң мүдделерiн ұштастыруға, өкiмет билiгiнiң барлық тармақтары мен қоғамдық бiрлестiктердiң күш-жiгерiн бiрiктiруге.

  1. Сыртқы миграция

 

Біріншіден, табыстарын өндіріске, аграрлық салаға және геологиялық барлауға инвестициялайтын ұлттық корпорациялар үшін қызметшілердің еркін ауысу принципын енгізу. Қызметшілерді рұқсат алусыз еркін (мәлімет беру) тарту практикасын іске асыру.

         Екіншіден, жоғары білікті мамандардың ашық нарығын құру. Олардың жұмысқа орналасуға жеңілдетілген рұқсат алуытәртібін енгізу. Бірінші кезекте менеджерлерді, инженерлерді, ғалымдар мен оқытушыларды. Рұқсаттар квотадан тыс және жұмыс берушіден шақырудың болмауынсыз беріледі, егер олардың білім деңгейі белгіленген тәртіпке сәйкес келсе.

         Үшіншіден, Көршілес елден дарынды жастарды тарту. Қазақстанның ЖОО дарынды шетел студенттердің оқуына грант беру жүйесін енгізу. Жұмысқа уақытша мерзімі 3-5 жылға рұқсат берудің жеңілдетілген түрі көзделетін болады.

  1. Ішкі өңіраралық көші-қон

 

Мыналар көзделеді:

1. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде еңбек күші мол өңірлерден еңбек ресурстарына мұқтаж өңірлерге көшуге ниет білдіргендер үшін қосымша әлеуметтік пакет, оның ішінде тұрғын үймен және жермен қамтамасыз ету

2. Қоныстандырушылар үшін дәстүрлі бағыттар бойынша микронесиелендіру практикасын кеңейту (көкөніс өсіру, жылы жай шаруашылығы және т.б.)

3. Еңбек күші мол өңірлерден ауыл жастары үшін білім алу мүмкіндігін арттыру, арнаулы білімдік гранттар енгізу

 

  1. Этникалық көші-қон

 

1. Этникалық қазақстан үшін ҚР кіру шарттарын бір ізге түсіру және жеңілдету

2. орналасу өңіріне қарамастан, бірақ олардың тұрақты тұруға рұқсатты міндетті түрде алуы шартында оралман мәртебесін беруді көздеу

3. оралмандардың ҚР азаматтығын алу мерзімін қысқарту, болмаған жағдайда олардың елде болуы шетелдік азаматтардың болуымен теңестіріледі

4. еңбек ресурстарына мұқтаж өңірлерге келетіндер үшін әлеуметтік пакет көзделсін (жол жүруге, жүк алып жүруге біржолғы төлемдер, сондай ақ 5 жыл ішінде жекешелендіру құқығымен жалдамалы тұрғын үй). Аталған мерзімнен бұрын көшіп кететін болса тұрғын үй коммуналдық меншікке қайтарылады.

 

  1. ҚР зейнетақылық жүйесін одан әрі жетілдірудің 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы

 

Тұжырымдаманың негізгі мақсаттары:

  1. Зейнетақылық төлемдердің тепетең мөлшерлерін қамтамасыз ету
  2. Ұзақ мерзімді қаржылық тұрақты зейнетақылық жүйені қамтамасыз ету

 

Тұжырымдама 2 кезеңде іске асырылатын болады

 

- бірінші кезеңде (2016-2020 жж№) заңдылық негіздері қаланады және жетілдірудің бірінші кезекті шараларын іске асыру қамтамасыз етіледі

- екінші кезеңде (2020-2030 жж.) жүйе тиімділігін арттыру және салымшылар мене алушылардың құқықтарын қорғау тетіктерін одан әрі дамыту бойынша шаралар қабылданады

 

Бірінші кезеңнің басты принципі – базалық зейнетақыны жүйеге қатысу өтіліне және жалпы белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына қарай тағайындау

2017 жылғы 1 шілдеден

- жүйедегі қатысу өтілі кем дегенде 10 жыл болса зейнетақының базалық бөлігі ең төменгі күнкөріс мөлшерінен 50 пайызды құрайтын болады

- жүйедегі қатысу өтілі кем дегенде 20 жыл болса зейнетақының базалық бөлігі ең төменгі күнкөріс мөлшерінен 70 пайызды құрайтын болады

- жүйедегі қатысу өтілі кем дегенде 35 жыл болса зейнетақының базалық бөлігі ең төменгі күнкөріс мөлшерін құрайтын болады

 

Үш бұынның проблемасы шешіледі

 

Бірінші бұын – үлкен еңбек өтілі бола тұрып ең төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер. 2017 жылғы 1 шілдеден базалық зейнетақыға жұмыс өтілі есебімен біржолғы қайта есептеу жүргізіледі

Екінші бұын – 2043 жылға дейін зейнеткерлік жасқа толғандар. Оларға базалық зейнетақы 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі және 1998 жылдан кейінгі жинақтау жүйесіне қатысу мерзімінің есебімен тағайындалады

Үшінші бұын – 2043 жылдан кейін зейнеткерлікке шығатындар базалық зейнетақыны жинақтау көлеміне қарай және есептелген зейнетақы мөлшері әлеуметтік құпталған деңгейден төмен болған жағдайда алатын болады.

Жұйенің екінші компоненті  - шартты-жинақтау

 

Жұмысберушілердің қызметшінің пайдасына 5 пайыз жарналары есебінен    



Сіз кім болып жумыс істейсіз?