"Жұмыспен қамту 2020 жол картасы " бағдарламасы бойынша семинар

2016 жылғы 25 тамызда Өскемен қаласында "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы " бағдарламасы бойынша облыстық ақпараттық - түсіндіру семинары өтті.

Оқытуға жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімдері мен жұмыспен қамту орталықтарының басшылары мен мамандары қатысты.

Оқытудың мақсаты болып мақсаты тұрғындар арасындағы "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасының жағымды имиджін қалыптастыру, азаматтардың Жұмыспен қамтудың белсенді саясаты шаралары туралы ақпараттану деңгейін арттыру, тұрғындар мен жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінің жəне өзге ұйымдардың Бағдарламаны жүзеге асыруға қатысу деңгейі мен тиімділігін арттыру табылады.

Семинар ұйымдастырушылары «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ, «ЗУБР» Консалтинг Орталығы.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?