Жастар арасындағы «эрудиттер»

     2016 жылғы 14 желтоқсанда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының акт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай басқарманың жастары арасында зияткерлік ойын өтті.

     Ойын ұйымдастырушылары болып басқарманың белсенділері Әйгерім Мұхамедова, Әмина Қуанышбай, Арайлым Алжанова табылады.

      Ойынға үш топ қатысты:  «У-кагорцы» (капитаны – Дина Байбудинова), «Социал-демократы» (капитаны – Дархан Аблмажинов) и  «Ұшқын» (капитан – Мадина Серікқанқызы).

      Шара қызықты формада ұйымдастырылды, конкурстың 4 бөлімі анықталды: 1 бөлім «Мен Қазақстанды сүйемін» - авторлық видеороликтерді көрсету, 2 бөлім «Эрудит» - әр түрлі тақырыпта қойылатын сұрақтарға жауап беру, 3 бөлім «Музаның келуі» - берілген сөздердің көмегімен Қазақстан туралы өлең жолдарын құру, 4 бөлім «Мақала іздеуші» - қазақ және орыс тілдерінде мақала табу.

      Ойынды бағалау үшін тәжірибелі тәлімгерлер арасынан жюри құрамы құрылды: Әлия Бәриқызы Бәриева, Раушан Сабиғазықызы Таймулдина, Геннадий Федорович Русанов.

       Әр бөлім 1 баллдан 5 баллға дейін бағаланды.

       Ойын қорытындысы бойынша ең көп балл жинап жеңімпаз атанған «Социал-демократы» тобы (56 балл).

        Қалған екі команда бірдей 49 балл  сомасын жинап, екінші орынды иеленді.

      Осындай басқарманың жастары қатысуымен өткен бірінші зияткерлік ойын екенін атап өткен жөн. Ойын көремендері үлкен әсер алды. 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?