Желі жасқа қарамайды

       «Желі жасқа қарамайды» бірлескен жоба шеңберінде онлайн орталықтар қызмет ететін Зырян ауданы кітапханаларында, екі бағыттағы жұмыс жалғастырылуда: әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының әлеуметтік жұмыскерлері мен қызмет алушыларға арналған оқыту курстары.

       Оқыту компьютерлік сауаттылық, Интернетпен жұмыс, желі арқылы сөйлесу негіздері, лезде хат алмасу бағдарламаларын қолдану бойынша өткізіледі. Электрондық үкімет порталын игеруге және мемлекеттік қызметтерді алуға уақыт бөлінді, электрондық цифрлы қол алуға жәрдем көрсетіледі. 

        Зырян қ. орталық қалалық кітапханасында жоба шеңберінде 26 зейнеткер білім алды, орталық балалар кітапханасы негізінде 5 зейнеткер білім алды. 

     Серебрянск қ. № 4 қалалық филиалының онлайн орталығы негізінде егде жастағы 12 тұтынушыға «Компьютерлік сауаттылық негіздері – Интернет және электрондық пошта» тренингі өткізілді. Бұл тренингтің мақсаты Интернет ақпарат көзі және сұранымдарды орындау құралы екендігі туралы біліп қана қоймай, ақпаратты сауатты және тиімді іздеуге үйрету. Онымен бірге, 6 әлеуметтік жұмыскерге тренинг өткізіледі. 

       Октябрьский кентінің үш әлеуметтік жұмыскері «Компьютерлік сауаттылық, Интернетпен жұмыс» тақырыбында 4 сабаққа қатысты. 

      Парыгино ауылында психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балаларға және 18 жастан жоғары тұлғаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсенту бөлімшесінің қызмет алушысы Валя Урюмцева компьютер курстарына қатысады. Аптасына 1 рет болатын 10 сабақ өткізілді. Әр сабақтың соңында сауықтыру ойындары өткізіледі. 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?